Қаныш Сәтбаевтың туған күніне арналған іс-шараға ардагер геологтар, С.Ж. Даукеев, Б. М. Қуандықов, Индустрия министрі М. Қарабаев, индустрия вице-министрі И. Шархан, Геология комитетінің төрағасы Е. Акбаров, Ұлттық геологиялық қызметтің төрағасы Ж. Карибаев, сондай-ақ геология комитетінің, ҰГҚ және Қазақмыс барлау қызметкерлері қатысты.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Серікбек Дәукеев пен қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықов құттықтау сөз сөйледі.
ҚР ИИДМ басшысы өз сөзінде Қ. Сәтбаев қазақ зияткерлік элитасының прогрессивті идеяларының жарқын ізбасары екенін атап өтті. Ғалым үшін аға буын халыққа жанқиярлықпен қызмет етудің үлгісіне айналды, ол сондай-ақ елдің экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріне белсенді қатысып, Қазақстанда ғылымның дамуына баға жетпес үлес қосты.
Дәстүр бойынша іс-шара соңында көрнекті ғалым, ұлы геолог Қ. Сәтбаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды.