Геология комитеті төрағасы "Barrick Gold! компаниясымен ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Геология комитеті төрағасы "Barrick Gold! компаниясымен ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады
Геология комитеті мен "Ұлттық геологиялық қызмет" Әлемнің алтын өндіру өнеркәсібіндегі ірі халықаралық инвесторлардың бірі канадалық "Barrick Gold" компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге Геология комитетінің төрағасы Е. Акбаров, ҰГҚ Басқарма Төрағасы Ж. Карибаев, Геология комитетінің орынбасары Е. Галиев, ҰГҚ Бірыңғай кадастр департаментінің директоры Р. Кабулов, Barrick Gold компаниясының Вице-президенті Ву Чан Ли, Қазақстандағы Barrick Gold өкілі Ричард Спунер және "Kazakh Invest"ҰК" Жобалық менеджері Аблякимова Диана қатысты
Кездесу барысында тараптар алтын мен мысты барлау және өндіру саласындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады.
Тараптар озық халықаралық тәжірибені енгізу және алтын мен мысты барлау және өндіру саласында заманауи технологияларды қолдану бойынша ақпарат алмасу бағыттары бойынша ынтымақтасуға ниетті.
Barrick Gold Вице президенті Ву Чан Ли компанияның Қазақстанға инвестиция салуға мүдделілігін білдіріп, олардың компаниясының Қазақстанның Ұлттық геологиялық қызметімен ынтымақтастығының маңыздылығын атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан Республикасы мен Barrick Gold компаниясы арасындағы одан әрі қарым-қатынастың маңыздылығын атап өтті.