ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитеті Төрағасы Е.Акбаров АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенның Қазақстанға сапары аясында АҚШ-тың Қазақстандағы Елшісі Д.Роземблюммен кездесті.
Кездесу барысында тараптар жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылап, меморандумға қол қойды.
Жер қойнауын геологиялық зерттеуде тәжірибе алмасу және құзыреттілікті арттыру, геологиялық-геофизикалық зерттеулердің заманауи технологияларын қолдану, әсіресе , картаға түсіру, аймақтық масштабта болжау әдістері және модельдеу, сондай-ақ бірлескен ғылыми семинарлар, дөңгелек үстелдер, воркшоптар өткізу бөлігіндегі ынтымақтастық жоспарлануда.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар іскерлік әңгімеге ризашылықтарын білдіріп, Қазақстан Республикасы мен АҚШ арасындағы қарым-қатынасты одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.