Жер қойнауының геологиялық зерттелуін арттыру және шикізат базасын толықтыру мәселелері бойынша мәжіліс

Жер қойнауының геологиялық зерттелуін арттыру және шикізат базасын толықтыру мәселелері бойынша мәжіліс
2022 жылы 19 қазан «Оңтүстікқазжерқойнауы» РММ ӨД-нің Қызылорда өңірлік инспекциясы Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасымен бірлесе отырып Қызылорда облысының минералды-шикізат базасын дамыту тақырыбында мәжіліс ұйымдастырды.
 
Мәжіліске ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитеті төрағасының орынбасары Е.Ф.Ғалиев, «Оңтүстікқазжерқойнауы» РММ ӨД басшысының орынбасары А.Н. Коротков, «Азимут геология» ЖШС бас директоры Д.А. Инкин, мұнай, уран және тау-кен өндіруші компаниялардың басшылары мен өкілдері қатысты.
 
Кездесу барысында өңірдің жер қойнауының геологиялық зерттелуін арттыру және шикізат базасын толықтыру мәселелері талқыланып, ҚР ЭГТРМ Геология комитеті төрағасының орынбасары Е. Ф. Ғалиев өз сөзінде өңірде соңғы жылдары мұнай мен газ қорларының сарқылуы жөніндегі өзекті проблемалық мәселелерді және қалыптасқан жағдайдан шығу үшін қабылданып жатқан шешімдерді атап өтті.
 
Сондай-ақ, өңірлік және іздестіру-бағалау жұмыстарын жүргізу жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде ағымдағы жылы облыс аумағының «Шығыс» және «Батыс» учаскелерінде тығыздығы 20кмх20км геологиялық-геофизикалық зерттеу (2D сейсмикалық барлау) объектілері бойынша сейсмикалық барлау жұмыстары басталғанын атап өтілді.
 
Жоғарыда аталған нысандар бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды толығырақ «Азимут геология» ЖШС-ның бас директоры Д.А. Инкин таныстырды.
Мәжіліс қорытындысы бойынша өңірдің жер қойнауын пайдаланушыларымен бірқатар проблемалық мәселелер талқыланып, Е.Ф. Ғалиев жер қойнауын пайдаланушыларға өңірдің минералды-шикізат базасын толықтыру мәселелерін шешуге белсенді қатысуды ұсынды.