2022 жылы 16-17 маусым аралығында Нұр-Сұлтанда Astana Mining & Metallurgy – АММ 2022 Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі өтуде

2022 жылы 16-17 маусым аралығында Нұр-Сұлтанда Astana Mining & Metallurgy – АММ 2022 Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі өтуде

Конгресс алаңында салалық министрліктер мен ұйымдардың басшылары, ҚР Премьер - Министрінің орынбасары Е.Тоғжанов, Геология комитетінің төрағасы Т. Сатиев, Геология комитеті төрағасының орынбасары А. Пшенбаев, Геология комитетінің өңіраралық департаменттерінің басшылары «Солтүстікқазжерқойнауы» С. Жақыпов және «Орталыққазжерқойнауы» Н. Маукулов, «РГАО «Қазгеоақпарат» ЖШС Бас директоры Ж. Карибаев, Ұлттық және халықаралық компаниялардың, инвестициялық қорлардың өкілдері және Қазақстан мен шет елдердің сарапшылары жиналды.

Геология комитетінің төрағасы Т.Сатиев АММ-2022 Халықаралық тау-кен металлургиялық конгресі аясында өткен Қазақстанның алтын өнеркәсіпшілерінің ІІІ Форумына қатысты. Форумда еліміздің тау-кен металлургиялық кешеніне инвесторларды тарту үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері, бағалы металдар саласын қолдаудағы әлемдік үрдістер, салық жеңілдіктері мен преференциялар, алтын өндіру жобаларының инвестициялық тартымдылығына салық режимі өзгерістерінің әсері талқыланды.

Геология комитеті төрағасының орынбасары А.Пшенбаев «Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде инновациялық технологиялар мен әдістерді қолдану» форумында кіріспе сөз сөйледі. Ол форумның таңдалған тақырыбы Қазақстанның геология саласы үшін өзекті болып табылатынын атап өтті. Қазіргі уақытта геологтардың алдында негізгі міндеттердің бірі – әлемдік деңгейдегі озық технологияларды пайдалана отырып, терең көкжиектерде геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу арқылы шикізат базасын толықтыру.

«РГАО «Қазгеоақпарат» ЖШС -ның Бас директоры Ж.Карибаев өз баяндамасында Ұлттық геологиялық қызметтің басты мақсаты халықаралық стандарттарға сәйкес геологиялық материалдарды талдау, өңдеу және түсіндіру әдістерін жетілдіру арқылы инвесторларға және мемлекетке ұсынылатын геологиялық ақпараттың сапасы мен дұрыстығын қамтамасыз ету болып табылатынын атап өтті. Өз сөзінде ол сондай-ақ «РГАО«Қазгеоақпарат»  ЖШС-ін қайта ұйымдастыру оның жарғылық капиталына мемлекеттің 100 пайыз қатысуымен «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-на қайта құру жолымен аяқталғанын атап өтті. Келесі кезеңде белгіленген тәртіппен "Қазгеология" АҚ қосу жоспарлануда.