ҚР ЭГТРМ Әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Агибаев геология комитетінде кеңес өткізді

ҚР ЭГТРМ Әдеп жөніндегі уәкілі Ж. Агибаев геология комитетінде кеңес өткізді

Бүгін Геология комитетінде Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Әдеп жөніндегі уәкілі Ж.Агибаев қызметтік этиканы сақтау мәселелері бойынша кеңес өткізді.

Ол мемлекеттік қызметшілердің жұмыс және жұмыстан тыс уақыттағы негізгі мінез-құлық қағидаттарын, сондай-ақ парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың негізгі аспектілерін егжей-тегжейлі айтып берді.

Әдеп жөніндегі уәкіл "Мемлекеттік қызмет туралы" ҚР Заңына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттерінің бірі қызметтік әдепті сақтау болып табылатынын атап өтті. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің негізгі талаптары мен міндеттері және олардың құқықтары түсіндірілді, мемлекеттік қызметшілердің қызметтік іс-әрекет барысында, жұмыстан тыс уақыттағы стандарттар, сондай-ақ әріптестермен және жеке тұлғалармен өзара қарым-қатынас ережелері түсіндірілді.

Сондай-ақ, Ж.Агибаев мемлекеттік қызметшілердің түрлі заңнамалық актілермен регламенттелген қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне назар аударды.