Ағымдағы жылдың 21 қазанда Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің XXIV сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 21 қазанда Ташкент қаласында (Өзбекстан Республикасы) Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің XXIV сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Армения, Беларусь, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанның геологиялық қызметтерінің делегациялары қатысты.

Сессия барысында ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің геологиялық қызметтерінің 2019 жылғы қазан – 2021 жылғы қазан кезеңіндегі Үкіметаралық Кеңестің XXIII сессиясының шешімдерін орындау жөніндегі жұмысының нәтижелері туралы және ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі бірлескен жұмыстардың 2021-2025 жылдарға арналған перспективалық жоспарының іс-шараларын іске асыру туралы делегациялар басшыларының баяндамалары тыңдалды. Сондай-ақ, геологиялық саланы ақпараттық қамтамасыз ету, кенді пайдалы қазбаларға жер қойнауын болжамды бағалауды ғылыми-технологиялық қамтамасыз ету, шекара маңындағы аумақтар жер қойнауының минералдық-шикізаттық әлеуетін геологиялық зерттеу және бағалау жөніндегі халықаралық жобаларды іске асыру және т.б. үшін цифрлық технологияларды енгізу перспективалары талқыланды.

Үкіметаралық Кеңес туралы Ережеге сәйкес төрағаның функциялары Өзбекстан Республикасына берілді, оны Өзбекстан Республикасының Геология және минералды ресурстар жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы Исламов Бобир Фархадович ұсынады.