2021 жылғы 23 қыркүйекте Геология комитетінің Төрағасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 91-отырысына дайындық жөніндегі сарапшылардың келісім кеңесіне қатысты

2021 жылғы 23 қыркүйекте Геология комитетінің Төрағасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 91-отырысына дайындық жөніндегі сарапшылардың келісім кеңесіне қатысты

2021 жылғы 23 қыркүйекте ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиев жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің төрағасы ретінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Экономикалық кеңесінің 91-ші отырысына дайындық жөніндегі сарапшылардың келісім кеңесіне қатысты.

Отырысқа ТМД-ға қатысушы барлық мемлекеттердің өкілдері, ТМД Атқарушы комитетінің төрағасы, оның орынбасарлары мен қызметкерлері қатысты.

Отырыс барысында ТМД Атқарушы комитетінің ТМД Экономикалық кеңесі күн тәртібінің жобасына енгізілетін құжаттардың дайындығы туралы ақпараты тыңдалды.

Сондай-ақ, 23 қыркүйекте Геология комитетінің төрағасы Т. Б. Сатиевтің жер қойнауын пайдалану жөніндегі федералдық агенттік (Роснедра) басшысының міндетін уақытша атқарушы Е. А. Петровпен кездесуі өтті, сондай-ақ Ресей тарапынан "Росгеолфонд" ФМБМ Бас директоры Д.Б.Аракчеев, "Росгеолэкспертиза" ФМБМ директорының орынбасары Д.Л.Никишин және геологиялық негіздер, ғылым және информатика басқармасының консультанты С.В.Яшина қатысты.

Тараптар жер қойнауын геологиялық зерттеу саласындағы өзара тиімді ынтымақтастық бағыттарын, геологиялық барлауда жаңа технологияларды қолдану, осы саладағы заманауи геоақпараттық жүйелер мен бағдарламалық құралдарды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға қызығушылық танытып, бірлескен жұмыс жоспарын өзектендіруге келісті.