2021 жылғы 29 маусымда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиев "Kazenergy" қауымдастығының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты

2021 жылғы 29 маусымда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиев "Kazenergy" қауымдастығының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысты

2021 жылғы 29 маусымда ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиев "Kazenergy" қауымдастығының мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысына қатысып, геология саласының ағымдағы жай-күйі және одан әрі дамуы туралы баяндама жасады.

Мұнай-газ саласын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі өз қызметін мұнай-газ және энергетика секторы компанияларының мемлекеттік органдарымен және халықпен диалогын дамыту, әлеуметтік бастамалардың тиімділігін жақсарту мақсатында және Қазақстанның отын-энергетика секторы тиімділігінің жаңа деңгейін ұйымдастыру процесінің катализаторы ретінде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, отырыс барысында Қауымдастықтың жаңа стратегиясының және ҚР отын-энергетикалық кешенін цифрландырудың 2021-2025 жылдарға арналған стратегиясының жобалары талқыланды.

Сондай-ақ, қатысушылар озық технологияларды дамыту перспективаларын, Экологиялық кодексті ескере отырып, техникалық базаны жетілдіруді, қолайлы инвестициялық ахуал жасауды және елдің минералдық-шикізат базасын ұлғайтуды талқылады.