Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің қызметі туралы

Жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі үкіметаралық кеңестің қызметі туралы

2021 жылғы 23 маусымда ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиев Қазақстан Республикасынан, жер қойнауын барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Үкіметаралық кеңеске (үкіметаралық кеңес) төрағалық етуші, ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның отырысына қатысты және үкіметаралық кеңестің 2017-2020 жылдардағы қызметі туралы есеп берді.
Үкіметаралық кеңес 1997 жылғы 27 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің минералдық-шикізат ресурстарын зерделеу, барлау және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімінің және тау хартиясының ережелерін іске асыру үшін үйлестіруші орган болып табылады.
Ынтымақтастық ТМД – ға қатысушы мемлекеттердің 5 жылдық кезеңге арналған бірлескен жұмыстарының перспективалық жоспары шеңберінде жүзеге асырылады. 2021-2025 жылдарға арналған перспективалық жоспар ТМД Экономикалық кеңесінің 2021 жылғы 12 наурыздағы шешімімен қабылданды және ынтымақтастықтың 12 негізгі бағыты бойынша 41 іс-шараны қамтиды.
Ұсынылған есеп үкіметаралық кеңес қызметіне жоғары баға берді және ТМД Экономикалық Кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөніндегі комиссияның шешімімен қабылданды.