Алматы қаласында "Еуразия" жобасының 1 – фазасы бағдарламасы аясындағы жұмыстарды талқылау бойынша кеңес өтті

Алматы қаласында "Еуразия" жобасының 1 – фазасы бағдарламасы аясындағы жұмыстарды талқылау бойынша кеңес өтті

2021 жылғы 9 маусымда Алматы қаласында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі Серікқали Брекешевтің төрағалығымен "Еуразия" жобасының 1-фазасы жұмысының алғашқы үш айының қорытындысын талқылау бойынша кеңес өтті.

Кеңеске ҚР ЭГТРМ Геология комитетінің төрағасы Талғат Сатиев, комитеттің өңіраралық департаменттерінің басшылары, консорциум компанияларының өкілдері қатысты.

"Евразия" жобасының Фаза-1 бағдарламасын іске асыруды "Геокен "ЖШС,  "Меридиан Еуразия" ЖШС және "PGS Қазақстан" ЖШС құрамындағы консорциум орындайды.

Өткізілген кеңес барысында жобаға қатысушылардың баяндамалары тыңдалып, алғашқы үш айдағы қызмет қорытындылары бойынша баға берілді.

Жоба шеңберінде қолда бар геологиялық-геофизикалық деректерді қайта өңдеу мен қайта түсіндірудің озық инновациялық технологияларын қолдана отырып, Каспий маңы ойпатының қазақстандық бөлігінің тұзасты шөгінділерінің терең геологиялық құрылымын зерделеу жоспарлануда.

Каспий маңы ойпатының бір бөлігі Қазақстанмен Каспий теңізі бойынша шекаралас елдердің аумағында орналасқандығын ескере отырып, жобаны іске асыру геологиялық-геофизикалық ақпаратпен алмасу және Каспий маңы ойпатын зерттеу бойынша жүргізілетін жұмыстардың әдіснамасын біріздендіру бөлігінде өз қызметін үйлестіру мүмкіндігінің бірегей үлгісі болып табылады.

Фаза-1 Геологиялық міндеттерінің негізгі мақсаты Каспий маңы ойпатының терең жатқан объектілері бойынша перспективалы учаскелерді бөлу және барлаудың қазіргі заманғы технологияларын қолдана отырып, одан әрі геологиялық барлау жұмыстарының бағдарламаларын әзірлеу болып табылады.

Кеңес қорытындысы бойынша "Еуразия"жобасының жол картасы аясында нақты тапсырмалар берілді.