Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев экологиялық және геологиялық сала ардагерлеріне, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері мен сала мамандарына наградалар табыс етті.

"Еліміздің дамуы мен өркендеуіне зор үлес қосып келе жатқан Министрліктің ұжымын Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын, сіздерге зор денсаулық пен амандық тілеймін. Бүгінгі таңда саланы дамыту үшін күнделікті еңбек етіп жүргендер марапаттарға ие болды деп есептеймін. Экология саласы қызметкерлерінің еңбегі маңызды және қажет. Бізбен бірге құрметті ардагерлеріміз де ел игілігі үшін еңбек етіп, еңбектеніп жүргені қуантады", - деп атап өтті Мағзұм Мырзағалиев Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада.
Сонымен қатар, кеше ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Геология комитеті төрағасының орынбасары Алматы Әбдікешовке "Ерен еңбегі үшін" орденін тапсырды. Геология комитетінің ұжымы жоғары кәсібилігі, іске деген шынайы көзқарасы, адалдығы, еңбекқорлығы және құзыреттілігі үшін үлкен алғыс білдіреді және оған денсаулық пен амандық, табысты жұмыс және ортақ игілікке жаңа жетістіктер тілейді.