"Qazaqstan Project Management Awards 2020 " жобалық басқару бойынша бірінші ұлттық конкурстың жеңімпаздары марапатталды

"Qazaqstan Project Management Awards 2020 " жобалық басқару бойынша бірінші ұлттық конкурстың жеңімпаздары марапатталды

Бүгін, a.ж. 2 желтоқсан күні Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында "Qazaqstan Project Management Awards 2020"байқауының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтті.

Конкурстың негізгі мақсаты-өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға ынталандыру.

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі әзірлеген "Қазақстан Республикасының минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесі "ОМО үздік жобасы" номинациясында құрметті екінші орынға ие болды.

Осы жобаны іске асыру бірыңғай базада геологиялық есептерді, пайдалы қазбалар қорларының баланстарын, кен орындарының паспорттарын, аумақты зерделеу жөніндегі деректерді және өзге де геологиялық ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Жүйенің басты міндеттерінің бірі жер қойнауын пайдалану процестеріне қолжетімділікті жеңілдету арқылы инвесторлар мен жұмыс істеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылар үшін "Бір терезе" қағидатын енгізу болып табылады.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына және Премьер-Министр Кеңсесінің жобалық басқару орталығына "Qazaqstan Project Management Awards 2020"конкурсын ұйымдастыруда алғыс білдіреді.

Геология комитеті алдағы уақытта көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді автоматтандыру үшін барлық күш-жігерін жұмсайды.