«Qazaqstan Project Management Awards 2020» байқауында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі екінші орынға ие болды

«Qazaqstan Project Management Awards 2020» байқауында Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі екінші орынға ие болды

2020 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Qazaqstan Project Management Awards 2020» мемлекеттік басқарудағы жобалық менеджментті жетілдіру жөніндегі конкурстың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде басталған Онлайн байқауды мемлекеттік басқару Академиясы Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) мен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің жобалық басқару орталығының қолдауымен іске асырды.

Конкурстың негізгі мақсаты-өз қызметінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын белсенді енгізетін және қолданатын мемлекеттік органдарды, ұйымдарды қолдау, мемлекеттік қызметшілерді көшбасшылық пен жаңа құзыреттерді дамытуға ынталандыру.

Конкурс қорытындысы бойынша «Орталық мемлекеттік орган (ОМО) үздік жобасы» номинациясында бірінші орынды (Алтын) Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты («Мінсіз судья»), екінші орынды (күміс) Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі («Қазақстан Республикасының минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі» ақпараттық жүйесін құру және енгізу), үшінші орынды (қола) - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (инвесторларды тарту мен сүйемелдеудің үш деңгейлі жүйесін енгізу), сондай-ақ Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі (QazTrade экспорттық акселерациясы) иеленді.