Геология комитетінде мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында түсіндіру семинары ұйымдастырылды

Геология комитетінде мемлекеттік қызметшілер арасында құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында түсіндіру семинары ұйымдастырылды

Семинарға ҚР Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің өкілі Балтатегі Әбдел Хасанбиұлы Qosyl платформасы арқылы қатысып, құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу бағытында баяндама жасады. Спикер салаға қатысты ресми статистикалық деректермен бөлісіп, лудоманияның қоғамға, отбасына және жеке адамның өміріне тигізетін кері әсері туралы жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында құмар ойындардың әлеуметтік және қаржылық салдары, тәуелділіктің негізгі белгілері, оның алдын алу жолдары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қоғам алдындағы жауапкершілігі мен салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығы сөз болды.

Мұндай түсіндіру іс-шаралары мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыруға, жауапты мінез-құлықты қалыптастыруға және қоғамда салауатты құндылықтарды нығайтуға бағытталған.