
Геология комитетінде мемлекеттік қызметшілердің заңнамада белгіленген шектеулерді сақтауына, қызметтік әдеп қағидаларын ұстануына және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелеріне арналған түсіндіру жиыны өтті.
Жиын барысында мемлекеттік қызметшілердің кәсіби этикасы, қызметтік және қызметтен тыс мінез-құлық мәдениеті, мүдделер қақтығысының алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарын сақтау мәселелері қарастырылды.