Геология комитетінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Геология комитетінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты

Геология комитетінің қызметкерлері жалпықалалық сенбілікке қатысты. Іс-шара аясында тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Сенбілік барысында аумақ қоқыстан тазартылып, құрғақ жапырақтар жиналды, сондай-ақ жасыл желектер ретке келтірілді. Бұл жұмыстар қоршаған ортаның тазалығын сақтауға және қаланың көркін жақсартуға бағытталды.

Мұндай шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамның қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.