
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінде Комитет қызметкерлеріне арналған жұмыс кеңесі Комитет төрағасының орынбасары — Кубенов Дамир Амангалиевич төрағалығымен өтті.
Іс-шараға Qamqor Astana қоғамдық қоры теологы, лектор Дәрібай Мұратбек Оңталапұлы қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын, ресми мінез-құлық қағидаларын сақтау, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау мәселелері жан-жақты қарастырылды. Қатысушыларға қызметтік міндеттерді адал, жауапты және бейтарап орындаудың негізгі талаптары түсіндірілді.
Мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін атқару кезінде де, қызметтен тыс уақытта да жоғары мінез-құлық стандарттарын ұстануы тиіс екені атап өтілді. Ол өз іс-әрекеті арқылы адалдықтың, заңға бағынушылықтың және қоғам алдындағы жауапкершіліктің үлгісін көрсетуі қажет.
Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің зайырлылық қағидаттарын сақтау мәселесіне ерекше назар аударылды. Қызметтік ортада жеке діни көзқарастарды таңуға жол берілмейтіні, сондай-ақ қызметкерлерді діни бірлестіктердің қызметіне немесе іс-шараларына қатысуға мәжбүрлеуге тыйым салынатыны атап өтілді.
Кеңес барысында қызметтік тәртіпті сақтау, кәсіби әдеп нормаларын ұстану, мүдделер қақтығысының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы да айтылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қызметкерлерге құқықтық сауаттылықты арттыруға, қызметтік жауапкершілікті күшейтуге және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға бағытталған ұсынымдар берілді.