Орталық Азияның минералдық ресурстарының болашағы Астанада өтетін геологиялық форумда талқыланады

Орталық Азияның минералдық ресурстарының болашағы Астанада өтетін геологиялық форумда талқыланады

Орталық Азияның минералдық ресурстарының болашағы Астанада өтетін геологиялық форумда талқыланады
Халықаралық GEOSCIENCE & EXPLORATION CENTRAL ASIA 2026 форумы аясында «Орталық Азияның минералдық ресурстары: стратегия және жаңа көкжиектер» атты панельдік сессия өтеді.
Негізгі спикерлер қатарында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Иран Шархан, «Казахмыс» компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Ғалым Нұржанов, ERG Exploration компаниясының бас директоры Ержан Ұзақбаев, KAZRC Association атқарушы директоры Бекасыл Әукешев, KIGAM вице-президенті Мён Чжон И, ПОНЭН ұйымының жетекшісі Георгий Фрейман, Қырғызстан Жер қойнауы сарапшылары қоғамының өкілі Аркадий Рогальский және басқа да сарапшылар бар.
Сондай-ақ Орталық Азия елдерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.
Сессия барысында өңірдің минералдық-шикізат базасын дамыту, халықаралық стандарттарды енгізу және саланың инвестициялық әлеуеті талқыланады.
Панельдік сессия 2 сәуір күні сағат 09:00–10:30 аралығында Астанада өтеді.
Толық ақпарат пен тіркелу: www.geca-forum.asia