Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті тау-кен өндіру және шикізат салаларындағы Қазақстан-Герман 2020 ынтымақтастық күндерінің онлайн-іс-шарасына қатысты.

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті  тау-кен өндіру және шикізат салаларындағы Қазақстан-Герман 2020 ынтымақтастық  күндерінің онлайн-іс-шарасына қатысты.

Виртуалды іс-шараға "KAZAKHINVEST "Ұлттық компаниясы" АҚ, "Тау-Кен Самұрық "ҰТК" АҚ, "IGTIPC" Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы " өкілдері, сондай-ақ Actemium BEA GmbH, Bredenoord GmbH, HAVER ENGINEERING GmbH, J&C Bachmann GmbH, Kaeser Kompressoren, K-UTEC AG Salt Technologies, MBE CMT GmbH, redpathmining, SCHACHTBAU Nordhausen GmbH германиялық жетекші компаниялардың өкілдері қатысты.

Онлайн-іс-шараны талқылаудың негізгі тақырыбы Қазақстандағы тау-кен өндіру және шикізат салаларында тәжірибе алмасу мәселесі болды.

Германияның жетекші компанияларының өкілдері халықаралық тәжірибе, инновациялық технологиялар, тау-кен өндіру және шикізат өнімдер салаларын дамыту перспектива туралы баяндамалар жасады.

ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Геология комитетінің төрағасы Т.Б. Сатиев Қазақстан Республикасының минералдық-шикізат кешенінің қазіргі жағдайы туралы баяндама жасады. Геология және жер қойнауын пайдалану саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру және Геология, жер қойнауын пайдалану саласындағы Қазақстан Үкіметі заңнаманы жетілдіру мақсатында, "Қазақстан Республикасының минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін әзірлеу арқылы автоматтандырылған бизнес процестерді енгізу бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, іске қосылуы 2021 жылы шілде айында жоспарланған.

Т. Сатиев әлемдік компаниялармен ынтымақтастықтың оң тәжірибесін атап өтіп, Германия инвесторларын Қазақстанның жер қойнауын зерттеуге белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ, Germany Trade & Invest (Gtai) (Джермани Трейд энд инвест) және геологиялық барлау саласындағы басқа неміс компанияларымен бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі екенін атап өтті.

Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Геология комитеті осы бағыттағы екі елдің іскерлік қатынастарын нығайтатынына сенімді және біздің елдеріміздің геологиялық қоғамдары арасында жемісті ынтымақтастық пен серіктестік орнатуға үміттенеді.

Сілтеме: https://www.dreberis.pl/pl/node/607