Қазақстанда заманауи геологиялық зерттеу жүргізетін зертханалық кешен құрылады

Қазақстанда заманауи геологиялық зерттеу жүргізетін зертханалық кешен құрылады

«Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ базасында сертификатталған зертханалық кешен құрылуда. Кешенге зертханалар, қор сақтау және керн сақтау қоймалары кіреді. Қаржыландыру — 14 млрд теңге, іске қосу — 2028 жылдың желтоқсанында.

2026 жылы геология және жер қойнауын пайдалану: 20 карталау жобасы және ашық аукциондар
2026 жылға арналған басымдықтар:

* 1:50 000 масштабында 20 геологиялық карталау жобасын жүзеге асыру;
* Жер қойнауы кодексіне енгізілген өзгерістерді іске асыратын нормативтік актілерді бекіту;
* Мемлекеттік бақылау функцияларын (ТПИ, ОПИ, старательдік) ажырату және Геология комитетінің қарауына беру;
* Жер қойнауы мемлекеттік қорының бірыңғай кадастрын цифрландыру;
* Елдің барлық аумағын Жер қойнауы мемлекеттік қоры басқару бағдарламасына ашу;
* 50 кен орнында ТПИ барлау және өндіру бойынша электрондық аукциондар өткізу.