"Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құру мәселесі бойынша жұмыс кездесуі

"Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құру мәселесі бойынша жұмыс кездесуі

Ағымдағы жылдың 28 қазанда "Қазгеология "ҰГК" АҚ алаңында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі С. А. Брекешевтің төрағалығымен "Қазақстан Республикасы минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құру мәселесі бойынша жұмыс кездесу өткізілді.

Кездесуге Геология Комитетінің,  "Қазгеоақпарат "РГАО" ЖШС, Индустрия және инфрақұрылымдық Даму Министрлігінің, "Қазгеология" АҚ және тәуелсіз жобалық кеңсе – КПМГ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде негізгі мақсаты жер қойнауын пайдалану саласына инвестициялар тарту және Қазақстан Республикасы аумағының геологиялық зерттелуін арттыру болып табылатын "Қазақстан Республикасының минералдық ресурстарының ұлттық деректер банкі" ақпараттық жүйесін құрудың ағымдағы жай-күйі мәселесі талқыланды.

Жүйе бірыңғай базада геологиялық есептерді, пайдалы қазбалар қорларының баланстарын, кен орындарының паспорттарын, аумақтың зерттелуі жөніндегі деректерді және өзге де геологиялық ақпаратты жинауға мүмкіндік береді. Жүйенің міндеттерінің бірі жер қойнауын пайдалану процестеріне қолжетімділікті жеңілдету арқылы инвесторлар мен жұмыс істеп тұрған жер қойнауын пайдаланушылар үшін бірыңғай терезе қағидатын енгізу болып табылады.

Интерактивті картасы бар портал арқылы жер қойнауын пайдаланушыларға лицензия беру ( австралиялық әдіс бойынша), қажетті есептілікті ұсыну, жер қойнауын пайдаланушылар міндеттемелерінің орындалуына мониторинг жүргізу сияқты жер қойнауын пайдалану қызметтерін автоматтандыру жоспарлануда.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі С.А. Брекешев жүйені енгізудің негізгі әсері "жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" жаңа Кодекс процестерінің ашықтығын қамтамасыз ету және үздік әлемдік практикаларға сәйкес барлық мүдделі тұлғаларға бірыңғай базада жалпыға қолжетімді геологиялық ақпарат беру арқылы салаға инвестициялардың өсуі болып табылатынын атап өтті.

Кездесудің соңында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Вице-министрі С.А. Брекешев "Қазақстан Республикасының минералдық ресурстардың ұлттық деректер банкі" жүйесін уақтылы әзірлеу үшін нақты тапсырмалар берді.