Назар аударыңыз: ақпараттық қауіпсіздік үшін!

Назар аударыңыз: ақпараттық қауіпсіздік үшін!

Геология комитетінде және «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ-да кейбір телефон қоңыраулары тіркелуде, онда белгісіз тұлғалар өздерін басқарушы немесе құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері ретінде таныстырады. Мұндай қоңыраулар кезінде қызметтік сипаттағы ұсыныстар айтылуы мүмкін немесе үшінші тұлғаларға берілмеуге тиісті мәліметтер сұралуы ықтимал.

Барлық қызметкерлерден осындай қоңыраулардан сақ болуды, ақпаратты мұқият тексеруді және ресми емес коммуникациялар кезінде жеке мәліметтер мен қаржылық қаражатты бермеуді сұраймыз.

Қауіпсіздік мәселелеріне мұқият қарап, түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.