Алматы қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жүйелі және тиімді шараларды жүзеге асыру» тақырыбында кездесу өтті

Алматы қаласында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жүйелі және тиімді шараларды жүзеге асыру» тақырыбында кездесу өтті

2020 жылы 23 қазанда, Алматы қаласында «Оңтүстікқазжерқойнауы» ӨД РММ ғимаратында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі жүйелі және тиімді шараларды жүзеге асыру» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуге «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті» РМӨМ ақпараттық-білім беру ANTICOR штабының мүшесі Құмғанбаев Жандос Жұмалбекұлы, сонымен қатар Алматы қаласындағы «Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіАдалдық аланы» жобалық кеңсесінің басшысы Абдраманов Шери Айдарбекұлы қатысты.

Кездесуде қазіргі қиын жағдайда, пандемия кезінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері көтерілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тиімді құралдардың бірі қоғамдық бақылау механизмі бола алатындығы атап өтілді. Бұған үкіметтік емес ұйымдарды тарту керек. Олардың нормативтік құқықтық актілерді сараптауға қатысуы қажеттілігі,  сонымен қатар, азаматтар мен ҮЕҰ заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізу арқылы сыбайлас жемқорлықпен жүйелі деңгейде күресуге болатындығы айтылды.

Кездесуде қатысушылардың презентациялары сыбайлас жемқорлыққа қарсы бейнероликтер көрсетілді.

ҚР ЭГТРМ Геология комитеті өз қызметінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген нысандары мен көріністерін қабылдамау қағидатын ұстанады және қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін арттыруға жәрдемдесуді өзінің парызы деп санайды.

Егер сіз сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтардың ерікті куәгері болсаңыз, онда сізге 1424 тегін нөмірі бойынша Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің бірыңғай Call-центіріне хабарласуыңыз қажет.