АҚ «Ұлттық геологиялық қызмет» халықаралық зертханалардан ұсыныстар қабылдайды

АҚ «Ұлттық геологиялық қызмет» халықаралық зертханалардан ұсыныстар қабылдайды

2025 жылғы 8 қыркүйектегі Жолдауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев геологиялық барлауды реформалаудың маңызды бағыттарының бірі ретінде заманауи зертханалық-талдамалық базаны дамытуды атап өтті. Берілген тапсырмалардың ішінде – 2026 жылға қарай ҰГҚ базасында сертификатталған зертхана құру.

Осыған байланысты «Ұлттық геологиялық қызмет» АҚ бірлесіп жұмыс істеу үшін халықаралық зертханалардан ұсыныстар жинауды бастайды.

Халықаралық зертханалар мен ғылыми орталықтарды өз ұсыныстарын жолдауға шақырамыз.

Ұсыныста төмендегі ақпаратты көрсетуді сұраймыз:
— ұйым туралы мәлімет;
— қолжетімді технологиялар мен жабдықтар;
— тәжірибе және іске асырылған жобалар;
— ықтимал ынтымақтастық форматы.

Бұл бастама заманауи талдамалық инфрақұрылымды қалыптастыруға және Қазақстанның геология саласының ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған.