
Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.
Сонымен қатар, Вашингтонда «C5+1» форматындағы бизнес-форум өтті. Kennedy Center for the Performing Arts орталығында өткен іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және АҚШ үкіметтері мен іскер топтарының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында АҚШ инвестицияларын Қазақстан мен Орталық Азияның инфрақұрылымдық, энергетикалық және инновациялық жобаларына тарту, сирек кездесетін металдар мен металл өнімдерін және агроөнімдерді АҚШ нарығына экспорттау, сондай-ақ цифрлық және қаржылық технологияларды дамыту мәселелері талқыланды.
Мемлекет басшысының АҚШ-қа сапары қорытындысы бойынша, екі ел арасында жалпы сомасы шамамен 17 млрд доллар құрайтын 29 екіжақты құжатқа қол қойылды.