
Шараға мемлекеттік органдар, бизнес және ғылыми қауымдастықтан 130-дан астам қатысушы жиналды. Негізгі тақырып – халықаралық стандарттарды қолданудың қорытындылары және тау-кен саласын дамытудағы жаңа бағыттар.
Құттықтау сөзбен ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Геология Комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров сөз сөйледі.
Геология комитетінің төраға орынбасары Марғұлан Байбатыров пайдалы қазбаларды мемлекеттік есепке алу процесінің цифрландыру барысы туралы ақпарат ұсынды. Ол Қазақстанның есеп беру жүйесін жаңаша механизмдер арқылы кезең-кезеңімен енгізіп отырғанын атап өтті.
2024 жылғы 23 қазандағы Үкіметтің №874 Қаулысына сәйкес, пайдалы қазбаларды өндіру және барлау деректерін мемлекеттік есепке алу жүйесіне интеграциялау жұмысы басталды. Бұл Біртұтас цифрлық жер қазбалары кадастрын қалыптастырудың негізі болады.
Конференцияның жеке бөлігі Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі Мемлекеттік комиссияның қызметіне, сондай-ақ инновациялар, ESG бағыттары, мамандар дайындау және ғылым мен өндірістің өзара іс-қимылы мәселелеріне арналды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі нормативтік базаны жетілдіру, деректерді цифрландыру және геологиялық саланың ашықтығын арттыру бойынша жұмысын жалғастырады.
Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров атынан «Қазақстан Республикасында KAZRC және CRIRSCO стандарттарын енгізудегі ерекше жетістіктері үшін» алғыс хаты ПОНЭН кәсіби бірлестігіне, оның төрағасы Георгий Фрейманға табыс етілді.