Қазақстан Қытаймен шекаралас аймақтарды картаға түсірудің екінші кезеңін аяқтап, Орталық Азияның бес елімен металлогеология және минералдық ресурстарды болжау саласындағы ірі халықаралық жобаларға қатысуда. Сонымен қатар, Каспий, Арал және Аму-Дария өңірінің мұнай-газ әлеуетін зерттеу карталары жасалуда.
Геологиялық саладағы цифрландыру да қарқынды дамып келеді. «Minerals.e-qazyna» бірегей электрондық платформасы іске қосылып, 21 мемлекеттік қызмет автоматтандырылды. Бұл — лицензия беру, аукциондар мен онлайн есеп беру.
Платформада 50 мыңнан астам геологиялық есеп бар.
Жас ғалымдардың жетістіктері де назардан тыс қалмады. Тамызда Қазақстан командасы Қытайда өткен Жер ғылымдары бойынша халықаралық олимпиадада үш алтын және төрт қола медаль жеңіп алды. 2026 жылы Қазақстан «Жас геолог» ұлттық олимпиадасы мен геологиялық универсиадаға ТМД елдерін шақыруда.
Ерлан Ақбаров сессия соңында 2026 жылғы 2–3 сәуірде Астанада өтетін бірінші Орталықазиялық геологиялық форумға қатысушыларды шақырды. Бұл шара Геологтар күніне арналған және панельдік талқылаулар, көрме мен жас мамандар арасындағы инновациялық жобалар байқауын қамтиды.
Айта кетейік, Қазбаларды барлау, пайдалану және қорғау жөніндегі Халықаралық геологиялық кеңес — бұл ТМД елдерінің табиғи ресурстарды тиімді пайдалану мен тау-кен саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды аймақтық ынтымақтастық платформасы.