Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінің делегациялары қатысуда. Сессия аясында геологиялық саладағы өзекті мәселелер талқыланып, профильді ведомстволардың басшылары мен сарапшылары сөз сөйлейді. Сонымен қатар, ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары бойынша хаттамалық шешімдер қабылданады.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев сессия қатысушыларын құттықтап, геологияның елдің тұрақты экономикалық дамуының негізі екенін атап өтті. Министр Қазақстанның табиғи ресурстарды игеру мен барлау саласында ТМД елдерімен өзара іс-қимылды одан әрі нығайтуға және тәжірибе алмасуға әзір екенін жеткізді.
Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров 2024–2025 жылдардағы геологиялық барлау жұмыстарының қорытындысын таныстырып, алдағы жылдарға жоспарларын жариялады. Оның айтуынша, 2026 жылға қарай Қазақстанның геологиялық зерттелу аумағы 2,2 миллион шаршы километрге жетеді. Сонымен бірге, 1:50 000 масштабында егжей-тегжейлі карталау жұмыстары басталады.
«Біздің мақсатымыз — тек қана территорияны картаға түсіру емес, жаңа кен орындарын табу және геологиялық болжамдардың дәлдігін арттыру», — деді Ерлан Ақбаров.