Астанада Халықаралық геологиялық кеңестің XXVIII сессиясы өтеді

Астанада Халықаралық геологиялық кеңестің XXVIII сессиясы өтеді

25 қыркүйек Елордада Халықаралық геологиялық кеңестің XXVIII сессиясы ашылады.

Сессия жұмысына Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь,Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан делегациялары қатысады. Күн тәртібінде ТМД елдерінің геологиялық саласын дамыту, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және хаттамалық шешімдерді қабылдау мәселелері қаралады.

Бағдарлама бойынша геологиялық қызмет басшылары, сарапшылар және халықаралық ұйымдардың өкілдері сөз сөйлейтін болады.