ҚҰТТЫҚТАУ

ҚҰТТЫҚТАУ

Құрметті отандастар!

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитеті баршаңызды Конституция күнімен шын жүректен құттықтайды!

30 жыл бұрын бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Бұл егемен еліміз үшін тарихи оқиға болды.

Конституция – біздің басты заңымыз, ол ортақ құндылықтарымызды айқындап, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды. Ол халық бірлігінің, тұрақтылық пен татулықтың кепілі болып табылады. Біз үшін Конституция – жай ғана құжат емес, тәуелсіздігіміздің символы әрі болашаққа деген сеніміміздің негізі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, конституциялық реформалар еліміздің саяси жүйесін жаңартуға серпін беріп, демократиялық институттардың рөлін күшейтіп, азаматтардың құқықтарын қорғау тетіктерін жаңа деңгейге көтерді. Бұл – әділетті әрі ашық мемлекет құру жолындағы маңызды қадам болды.

Осы айтулы мерекеде әрбір қазақстандыққа амандық, татулық пен бейбіт өмір, жаңа жетістіктер мен табыстар тілейміз! Конституция әрдайым еліміздің даму бағдары мен бірлігінің нышаны болып, болашағымызды нұрлы етуге қызмет етсін!