Олимпиаданы ұйымдастырушы – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қолдауымен Корпоративтік «Жас геолог» қоры, Семей қаласындағы Геологиялық барлау колледжі және жер қойнауын пайдаланушы жетекші компаниялар.
Іс-шараның демеушілері: Kazakhmys, ERG, Kazzinc, Yer-Tai, Геокен, «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы, Эмбамунайгаз, ProLabSupport және Solidcore Resources.
Олимпиадаға Қазақстанның әр өңірінен 15 команда қатысып, келесі бағыттар бойынша бақтарын сынады: геологиялық маршрут, геологиялық қима, палеонтология, минералогия және петрография, шлихтік сынама алу, геофизика, магнитометрия, еңбек қауіпсіздігі және далалық лагерьді ұйымдастыру.
Жалпыкомандалық есеп бойынша жеңімпаздар:
1 орын – «Альтаир» командасы, Астана қ.
2 орын – «Аспан» командасы, Қазақстан құрамасы
3 орын – «Геобайт» командасы, Қостанай қ.
«Үздік жас геолог» номинациясы бойынша жекелей есеп нәтижесі:
1 орын – Блохина Алина Романовна, Қостанай қ., «Геобайт» командасы
2 орын – Трещев Артем Владимирович, Қазақстан құрамасы, «Аспан» командасы
3 орын – Оразалы Еркеназ Жәнібекқызы, Астана қ., «Альтаир» командасы
Жекелей есептің жеңімпаздарына еліміздің жетекші техникалық жоғары оқу орындары – Satbayev University, ҚБТУ және А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетіне геологиялық мамандықтар бойынша білім гранттары табысталды.
ҚБТУ грантын иеленді:
– Бақберген Бекарыс Бауржанұлы, Талдықорған қ., «Жетісу» командасы – «Мұнай және газ іздеу» бағыты бойынша
Satbayev University ректорының грантымен марапатталғандар:
– Блохина Алина Романовна, Қостанай қ., «Геобайт» командасы – «Үздік жас геолог» номинациясы бойынша
– Дейно Платон Иванович, Семей қ., «Азимут» командасы – «Минералогия және петрография»
– Жұмашев Әлихан Жанатович, Астана қ., «Альтаир» командасы – «Палеонтология»
– Омаров Аслан Рысбекович, Астана қ., «Альтаир» командасы – «Геологиялық қима»
А.Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті ректорының гранты:
– Соловьенко Анна Станиславовна, Ақтөбе қ., «Роза ветров» командасы – «Шлихтік сынама алу» бағыты бойынша
Олимпиада аясында сонымен қатар шығармашылық байқаулар ұйымдастырылды: үздік фотосурет, тас материалдардан жасалған бұйымдар, геологиялық суреттер, геологиялық есептер, сондай-ақ дәстүрлі «Мисс және мистер геология» зияткерлік сайысы. Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар мақтау қағаздары, дипломдар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Салтанатты жабылу рәсімінде қатысушыларды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров құттықтады.
Өз сөзінде ол мектеп оқушылары арасында геологияны танымал ету және кәсіби бағдар беру бағытындағы осындай іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, жас геологтар қозғалысын қолдау – елдің жер қойнауын пайдалану саласына болашақта білікті мамандарды дайындаудың стратегиялық негізі екенін жеткізді.
Ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға, серіктестер мен демеушілерге геологиялық білім беру ісін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс білдіреді және жас геологтарға жаңа табыстар мен кәсіби жетістіктер тілейді.
III Республикалық далалық олимпиада 2026 жылы өтеді