Сіздерді 9 шілде сағат 11:30-да Семей қаласының Геологиялық барлау колледжінде өтетін Жас геологтардың II Республикалық далалық олимпиадасының ашылуына шақырамыз.
Далалық олимпиадаға еліміздің әр өңірінен, мектеп оқушыларынан жасақталған 15 команда қатысады.
Жарысқа қатысушылар алдында демеуші компаниялар басшылары құттықтау сөз сөйлейді.
Олимпиадада келесі пәндер бойынша жарыстар өтеді: дала тұрағын ұйымдастыру, палеонтология, магнитометрия, минералогия және петрография, шлихті сынау, гидрогеология, мұнай мен газды іздеу, геологиялық қима және геологиялық маршрут.
Жеке есепте жеңіске жеткен оқушыларға еліміздің үздік жоғары оқу орындарына оқу гранттары беріледі, мәселен, Satbayev University, Қазақстан-Британ техникалық университеті, С. Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті, Ә. Сағынов ат. Қарағанды техникалық университеті.
Олимпиаданың ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитетінің қолдауымен «Жас геолог» корпоративтік қоры және Семей қ. Геологиялық барлау колледжі ұйымдастыруда. Олимпиаданың демеушілері Kazakhmys, ERG (https://www.erg.kz/ru), Kazzinc, Yer-Tai, Геокен, «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы, Ембімұнайгаз, ProLabSupport және Solidcore Resources компаниялары. Қазылар алқасының құрамына гранттық бағдарламаға қатысушы жоғары оқу орындарының беделді профессорлары мен білікті оқытушылары, Семей қ. Геологиялық барлау колледжінің ұстаздары, сондай-ақ Kazakhmys Barlau, Qazaq Geophysics және ERG компанияларының жетекші мамандары кіреді.
Олимпиаданың мақсаты – жастарды ерте кәсіптік бағдарлау, оқушылардың геология ғылымдарын оқуға деген қызығушылығын, геологияны ғылым ретінде және оның қолданбалы маңыздылығын арттыру, дарынды балаларды анықтап, оларды қолдау, оқушылардың назарын геоэкология және жер қойнауын қорғау мәселелеріне аудару.
Олимпиаданың өтетін күндері: 2025 жылғы 8-15 шілде.