Құқықбұзушылықтардың алдын алу және дискриминацияны болдырмау мәселелері бойынша профилактикалық жиын

Құқықбұзушылықтардың алдын алу және дискриминацияны болдырмау мәселелері бойынша профилактикалық жиын

Бүгін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Геология комитетінде 20 қызметкердің қатысуымен профилактикалық жиын өтті. Іс-шараның мақсаты — мемлекеттік қызметшілер арасындағы құқықбұзушылықтардың өзекті мәселелерін талқылау және мемлекеттік органдарда дискриминацияның алдын алуға бағытталған шараларды күшейту.

Баяндама жасаған – Астана станциясындағы ПДБ ЖПҚБ құқықбұзушылықтың алдын алу тобының аға инспекторы, полиция майоры Жорақұлова У.Б.

 Жиынның күн тәртібінде келесі негізгі бағыттар қаралды:
▪️ қоғамдық орындарда алкогольдік, есірткілік немесе өзге де улану жағдайында болудың алдын алу;
▪️ уланған күйде көлік құралын басқаруға жол бермеу;
▪️ есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын медициналық емес мақсатта қолданудың алдын алу;
▪️ мемлекеттік органдардағы әйелдерге қатысты дискриминация мен сексуалдық сипаттағы қысымның алдын алу.

Қатысушыларға қолданыстағы құқықтық нормалар мен мұндай жағдайларда әрекет ету тәртіптері түсіндірілді. Талқылау нәтижесінде ішкі тәртіпті күшейту бойынша нақты ұсыныстар берілді.

 Жиынды қорытындылаған Комитет төрағасының орынбасары Ерубаев Қ.Б. құқықтық профилактикаға жүйелі көзқарастың маңыздылығын атап өтті. Шақырылған мамандар бұл бағыттағы ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін білдірді.