Геология комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен этика талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс отырысы өтті

Геология комитетінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар мен этика талаптарын сақтау мәселелері бойынша жұмыс отырысы өтті

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі, Геология комитетінде Комитет қызметкерлерінің және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің этика жөніндегі уәкілі — Усенова Г.Н.-ның қатысуымен отырыс өтті.

Кездесу барысында келесі мәселелер қаралды:
• Мемлекеттік қызметшілердің іскерлік этика мен ресми мінез-құлық нормаларын сақтау бойынша Агенттік пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет әзірлеген материалдармен таныстыру;
• Қызметшілердің құмар ойын мекемелеріне бармауы, діни көзқарастарды мәжбүрлеп таңбау және діни бірлестіктердің қызметіне қатысуға мәжбүрлемеу;
• Мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды және Этикалық кодексті сақтау.

Усенова Г.Н. түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әсіресе құмар ойындар мен бәс тігулерге қатысуға қатысты шектеулерді сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу маңыздылығына тоқталды.