Қазақстанның тау-кен металлургия саласы тұрақты өсім мен инвестицияларға ашықтық танытуда

Қазақстанның тау-кен металлургия саласы тұрақты өсім мен инвестицияларға ашықтық танытуда

⚡️Қазақстан жаһандық шикізат нарығында өз позициясын нығайтып, тұрақты даму, цифрландыру және пайдалы қазбаларды барлау мен қайта өңдеуге инвестиция тарту бағытын ұстануда.

⬇️Саланың негізгі жетістіктері:

➡️Тау-кен металлургия кешенінің ЖІӨ-дегі үлесі 8%, өндірілген өнім көлемі 14,3 трлн теңгеден, экспорт көлемі 21,4 млрд АҚШ долларынан асты.
➡️Австралиялық модель негізінде енгізілген жер қойнауын пайдалану жүйесі геологиялық барлауға 420 млрд теңгеден астам инвестиция тартуға мүмкіндік берді.
➡️Жалпы құны 3,5 трлн теңгеден асатын бес ірі инвестициялық жоба іске қосылады деп күтілуде, нәтижесінде 8 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады.
➡️Қазақстан титан, мыс, алюминий, ферроқорытпалар, сондай-ақ бериллий, тантал және ниобий сынды сирек әрі стратегиялық маңызды металдарды өндіруде әлемдік көшбасшылар қатарында.
➡️Жер қойнауын пайдалануда айналмалы (циркулярлы) модельге көшу жалғасуда: 55 млрд тоннадан астам техногендік минералдық түзілімдерді (ТМТ) түгендеу жұмыстары басталды.
➡️2025 жылы елімізде тұңғыш рет вольфрам өндірісі іске қосылады, сондай-ақ ыстыққа төзімді никель қорытпалары, галлий және интерметаллидтерді өндіру технологиялары дамытылуда.

✔️Қазақстан бай минералдық қорды заманауи инфрақұрылыммен және жаһандық тұрақты даму стандарттарымен ұштастыра отырып, халықаралық серіктестер мен инвесторлар үшін ашық, тұрақты және болжамды орта қалыптастыруда.