2018 жылғы 31 мамыр күні Елбасының 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 9-міндетті және ҚР ИДМ Жер қойнауын пайдалану комитетінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында селекторлық режимде кездесу өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаментінің, Орталық сайлау комиссиясының, «Нұр Отан» Партиясы «Бірлік» филиалының, ҚР Инвестициялар және даму министірлігінің орталық аппаратының, академиялық ортаның өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, комитет төрағалары, төраға орынбасарлары, бөлім басшылары, «Қазгеоақпарат» РГАО қызметкерлері, селекторлық режимде өңіраралық департамент басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Талқыланған мәселелер:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру;
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу сапасы;
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын жүзеге асыру.
Кездесу барысында ұлттық сана-сезімін өзгерту арқылы қоғамның рухани жаңару қажеттілігіне назар аударылды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарын жүзеге асыру жолдары талқыланды. Сөз сөйлеушілер қоғамда сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал ететін белсенді азаматтық көзқарасты ұстануға шақырды.
Орталық коммуникациялар қызметінде өндіру саласының ашықтық бастамалары (ӨСАБ) Халықаралық Хатшылығының Басшысы Йонос Мобергтің және Қазақстан Республикасының мүдделі тараптардың ұлттық кеңесінің мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы Инвестиция және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің төрағасы Ақбатыр Надырбаев, Тау-кен металлургиялық кәсіпорындар қауымдастығының атқарушы директоры Максим Кононов және «Мұнай кірістері – қоғамның бақылауына!» коалиция өкіл Шолпан Әйтенова бар.
Брифинг тақырыбы «Қазақстанда 2018 жылғы ӨСАБ бойынша валидация нәтижелері, прогресс». 2017 жылғы кезекті валидация қорытындысы бойынша Қазақстан Өндіруші салалар ашықтығының бастамасында елеулі прогресске қол жеткізді. Сондай-ақ, валидация Ережелері бойынша, ӨСАБ Халықаралық Басқармасымен ӨСАБ стандартына сай болу үшін және барлық кемшіліктерді жою үшін 18 ай берілді (13 тамыз 2019 жыл). Ондағы негізгілер келісім-шарттар және бенефициарлар ашу. Осы талаптар Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Кодексте тиісті нормалармен бекітілген.
ӨСАБ пайдалана басталғаннан кейінгі мерзімде бас-аяғы 12 Ұлттық Есеп жарияланған. Оның ішіне салық төлемдері мен түсімдерінің салықтық салыстыруымен бірге әлеуметтік инвестицияларды салыстыру енгізілді. Ұлттық есептер ӨСАБ-ның ұлттық веб-сайтында жарияланып, таратылады, оның ішінде қолжетімді инфографика форматындағы есептердің нұсқалары бар.
ӨСАБ 51 мемлекетте іске асырылады. ӨСАБ мүшелерінің жартысы дерлік Африка елдері (23 мүше), Латын Америка және Кариб бассейінен 7 ел, Оңтүстік-Шығыс Азиядан 7 ел, Европадан 5 ел. Қалған елдер Орталық Азия мен Таяу Шығыс өңірлерінен шыққан.
Валидациядан өту нәтижелері бойынша "елеулі прогресс" мәртебесін Қазақстан Республикасын қосқанда 14 ел алды.
Ең жоғары "қанағаттанарлық прогресс" мәртебесіне 3 ел ие - Филлипин, Моңғолия және Шығыс Тимор. Бұлар Үкімет пен жер қойнауын пайдаланушылардың арасында жасалған келісімшарттар мазмұнын ашатын мемлекеттер.
Тұтастай алғанда, дамыған елдердің арасында Германия (2016 жылдан бастап), Ұлыбритания (2014 жылдан бастап), Норвегия (2007 жылдан бастап) ӨСАБ-ты іске асырады. Австралия мен Франция ӨСАБ-ты жүзеге асыру ниетін жариялады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек халық алдындағы есептік кездесуіне Тау-кен өнеркәсібі кәсіпорындарының цифрлық технологияларды енгізуге дайын екенін атап өтті.
«Халықаралық сарапшылармен бірге өңдеу өнеркәсібі мен тау-кен өнеркәсібі секторы кәсіпорындарының Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге дайындығына бағалау жүргізілді. Олардың технологиялық деңгейі анықталды. 600-ге жуық кәсіпорынға сауалнама жүргізілді. Кәсіпорындарды цифрландыруға бөгет болатын кедергілер анықталды (бизнес ортаның цифрландырудан келетін экономикалық пайданы толық түсінбеуі; білікті мамандардың жетіспеушілігі; отандық технологиялардың баяу дамуы; қаржы ресурстарының шектеулілігі; инфрақұрылымдардың толық дамымауы)»,-деді министр.
Биыл қолданыстағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының базасында үлгілік цифрлы фабрикалар құру жобасын іске асыру басталды. Қазіргі уақытта іріктелген кәсіпорындарды технологиялық диагностикадан өткізу және оларға цифрлы технологияларды енгізу жол картасын әзірлеу жұмыстары жүргізілуде.
«Цифрлы технологияларды енгізуге едәуір дайын Тау-кен металлургия кешені салаларының кәсіпорындары. 2025 жылға дейін 146 млрд. теңге сомасына жүйе құраушы кәсіпорындардың цифрландыру элементтерін енгізу бойынша 14 жоба анықталды. Іске асырылған жобалардан біз қазір компания ішінде процестердің тиімділігін арттыруға және олардың бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату мүмкіндіктері барын көріп отырмыз. Мысалы, Қашар кенішінде ERG «ақылды кеніш» жобасы тау-көлік жабдықтарының өнімділігін 10%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Ол капитал мен операциялық шығыдарды қысқартады. Жобадан экономикалық тиімділігі 2021 жылы 9,9 млрд. теңге болады»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өнеркәсіпті цифрландыру бойынша жыл соңына дейін Индустрияландырудың үшінші бесжылдығының тұжырымдамасы әзірленетін болады. Сыртқы нарыққа бағытталған тиімді өндірушілерді кешенді қолдауға екпін жасалады. Еңбек өнімділігін арттыру үшін кәсіпорындарды жаңарту және цифрландыруға бағытталған қолданыстағы шаралар жетілдіріледі және жаңа құралдар әзірленетін болады.
2018 жылдың екі айында Қазақстанда екі ірі халықаралық іс-шара өтеді. Олардың бірі - Астана экономикалық форумы (17-18 мамыр), онда қонақтар мен спикерлердің -экономика және саясат саласындағы мамандардың, сондай-ақ ірі халықаралық ұйымдардың ортақ құрылтайшыларының рекордтық саны мәлімделді. Екіншісі - 25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресі (19 - 22 маусым). Әлемдік маңызы бар мұндай оқиға тек Қазақстанда ғана емес, тұтастай ТМД аумағында да бірінші рет өткізілмек.
Дүниежүзілік тау-кен конгресі Тау-кен металлургия өнеркәсібіндегі (ТКМК) ең ірі және маңызды оқиға. Ол алғаш рет 1958 жылы Варшавада (Польша) өткен және 2-3 жылда бір рет өткізіледі. ДТК қатты пайдалы қазбалардың кен орындарын игеру саласында жұмыс істейтін түрлі елдердің мамандары мен ғалымдарын біріктіреді. Оның өткізілу тарихына қарасақ, Конгреске қатысушы мемлекеттердің саны 10-нан 49-ға дейін өсті және өсіп келеді.
2018 жылғы Конгресс үш жылдық мерейтойлық күнмен белгіленеді: ДТК құрылғанының 60 жылдығы, 25-ші мерейтойлық ДТК және Астана қаласының 20 жылдығы.
Қазақстан мерейтойлық Конгресті өткізуге арналған алаң ретінде кездейсоқ таңдалған жоқ - біздің еліміздің минералдық шикізат ресурстар базасы бай: периодтық кестенің 99 элементі Қазақстанда табылған, олардың 70-і ашылып, 60-тан астамы өндірісте қолданылады. Қазақстан әлемдегі негізгі алюминий руда өндірушілерінің ондығына кіреді, ол ТМД елдерінің арасында темір рудасының қорлары бойынша үшінші орынға ие, уран өндірісі бойынша тек Австралияға ғана жол береді, сондай-ақ мыс кендеріне бай елдердің тізіміне кіреді. Жыл сайын елімізде 100 млн тоннадан астам көмір өндіріледі. ТКМК кәсіпорындарының өнімдері Жапонияға, Оңтүстік Кореяға, АҚШ-қа, Канадаға, Ресейге, Қытайға және ЕО елдеріне экспортталады.
25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресінің бағдарламасына сәйкес ТКМК үшін өзекті және геологиялық барлау, өндіру және байыту технологиясы, экология, өнеркәсіптік қауіпсіздік, кадрлар дайындау, қаржы тарту және жаһандық тау-кен саласын дамытуды болжауға арналған тақырыптарды қамтитын бірқатар мамандандырылған сессиялар өтеді. Мысалы, «Әлемдік бизнес» сессиясында Австралия, Латын Америкасы, Африка, Канада және басқа да елдер нарығының мысалында жаһандық тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жалпы нарықтық тенденциялар; бизнес-үдерістерді автоматтандырудың жаңа мүмкіндіктері; салаға инвестициялар құюдың тиімділігі және тау-кен өнеркәсібіндегі 10 негізгі бизнес-тәуекелдер жөніндегі мәселелер талқыланады. «Инновациялар және Индустрия 4.0» сессиясында цифрландыру және тау-кен саласында робототехниканы пайдалану мәселелері қарастырылады, халықаралық сарапшылар жаһандық тау-кен өнеркәсібіндегі табысты мысалдармен және бизнес-кейстермен бөліседі. «Ашық тау-кен жұмыстары» сессиясында біз геологиялық жағдайлардың асқынуы, кедей кен орындарын дамытуға қатысу, тау-кен жұмыстарын тереңдету, экологиялық жағдайдың нашарлауы және «жасыл» экономикаға көшу қажеттігі бірқатар технологиялық проблемаларды көтеретіндігі жайлы айтамыз. Оларды ғылым, өндіріс және әлемдік деңгейдегі озық технологияларға негізделетін инновацияларды құру арқылы және инвестициялық, технологиялық серіктестік арқылы жүйелі түрде шешу мүмкіндігі бар.
Максималды синэнергетикалық әсерге қол жеткізу мақсатында 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі шеңберінде MiningWorld Central Asia - 24-ші «Тау-кен жабдықтары, кен және минералдарды өндіру және байыту» халықаралық көрмесі өтеді. Оған 300-ден астам бренд ұсынатын әлемнің 200-ден астам компаниясы жыл сайын қатысады. Көрменің қатысушылары өз өнімдерін Орталық Азия нарықтарына шығаруға, сату географиясын кеңейтуге, жаңа өнімдер мен қызметтерді көрсету бірегей мүмкіндігіне ие. Көрмелердің арқасында көрмеге қатысушы компаниялар табысты іскерлік байланыстар орнатып, серіктестермен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатуға, бірлескен кәсіпорындарды ашуға, жаңа жобаларды іске асыруға және жаңа өндірістік алаңдарды жабдықтауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар, қатысушылар әлеуетті клиенттермен танысып, олардың қажеттіліктерін анықтау мүмкіндігіне ие болады. Биыл 24 мемлекеттен 250-ден астам компания көрмеге қатысуға ниет білдірді.
Конгресс жұмысы барысында ДТК қатысушыларына Қазақстанның өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және ғылыми мекемелерімен танысуға мүмкіндік беретін бірқатар экскурсиялар жоспарланған. Бүгінгі күні көрсетілетін нысандар тізіміне «Тау-Кен Алтын» ЖШС аффинаж зауыты (Астана), Васильковское алтын кенорны Altyntau Kokshetau (Ақмола облысы), KAZ Minerals компаниясының «Бозшакөл» мыс кеніші (Павлодар облысы), «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның «Казахстанская» шахтасы (Қарағанды облысы Шахтинск), «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-ның Қарағанды металлургия комбинаты (Қарағанды облысының Теміртау қаласы) кіреді.
Тағы бір маңызды аспектісі ДТК 2018 шеңберінде өтетін Mines&Money Eurasia инвестициялық конференциясы – тау-кен өнеркәсібі секторына капитал мен инвестиция тарту бойынша жетекші халықаралық іс-шаралар сериясы болмақ. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстан Австралия сияқты бірдей өндірістік әлеуетке ие. Жалғыз айырмашылық - континенттің көптеген пайдалы қазбалар кен орындары игерілуде. Қазақстанда көптеген кен орындары ашылмақ. Mines & Money Eurasia конференциясының мақсаты - Қазақстан нарығындағы сәтті жобалар мүмкіндігін көрсету. Қор акцияларын басқарушылар, жеке сауда палаталар, хедж-қорлар, отбасылық кеңселер, сондай-ақ Қазақстанда белсенді жұмыс істеуге дайын юниор компаниялармен кездесулер ұйымдастырылады. Конференция шеңберінде Орталық Азияда тау-кен өндіру бойынша өз жобаңды қаржыландыру жолдары; әлемдік қаржы нарықтары мен валюта динамикасының 2018 жылы және келешекте алтынның бағасына қалай әсер ететіні және қандай металдарға инвестициялау керектігі; Жер қойнауы туралы заңның күшіне енуінен кейін жер қойнауын пайдаланушылар үшін не өзгеретіндігі туралы және одан да басқа мәселелер көтеріледі.
Қазақстан үшін тау-кен металлургиялық кешен ел экономикасының негізгі салаларының бірі. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында ТКМК 18% құрайды, ал қатты пайдалы қазбаларды өндірудің жалпы көлемі бойынша Қазақстан Республикасы 70 тау-кен өндіретін елдер арасында 13-орында тұр. Сарапшылардың есебі бойынша, қазіргі кезде Қазақстан жер қойнауының перспективалы учаскелерінің алаңы 1 млн 138 мың шаршы км-ден астам, бұл біздің елімізді тау-кен өнеркәсібі секторындағы серіктес ретінде тартымды етіп көрсетеді. Міне, сондықтан ұйымдастырушылар ДТК нәтижесі бойынша геологиялық барлау және өндіру жобалары санының артуын күтуде.
2018 жылғы Дүниежүзілік тау-кен конгресі Астанада «ЭКСПО-2017» аумағындағы Конгресс орталығында өтеді. Оның жұмысына 50 елдің 1200 делегаты, 37 елден 368 баяндамашы авторлар, 23 елден 58 бірлестіктер, 27 елден 79 жоғары оқу орындары, соның ішінде Австралия, Австрия, Канада, Норвегия және Франция делегациялары қатысады, Польша Республикасының Премьер-Министрі Матеуш Моравецкий, Моңғолия Тау-кен өнеркәсібі министрі Долгорсурэнгийн Сумъяабазар, Zijin Mining Group Co.Топ Майнинг (Қытай) Атқарушы директоры Джордж Фэнг, Торонто қор биржасының Тау-кен ісі жөніндегі басшысы (Канада) Дин МакПерсон, ThyssenKrupp Industrial Solutions AG компаниясының тау-кен технологиясы бөлімшесінің басшысы Торстен Герлах (Германия) және тағы да басқа көптеген құрметті қонақтардың келуі күтілуде.
ДТК 2018 ұйымдастырушысы:
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі
ДТК 2018 бірлескен ұйымдастырушысы:
Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығы
Дүниежүзілік тау-кен конгресінің ұраны:
«Инновациялық артықшылық - әлемдік тау-кен өнеркәсібін дамытуға алға қадам»,
Күні мен орны:
19-21 маусым 2018 жыл, Астана қаласы (Қазақстан), «ЭКСПО-2017» Конгресс орталығы
«Қазгеология» АҚ мен «Қазцинк» ЖШС «АлтайГео» ЖШС бірлескен кәсіпорнын құру мәселесі бойынша құрылтайшылардың жалпы жиналысын өткізді. Оның мақсаты – Шығыс Қазақстан облысында колчедан-полиметалл кендерін барлау жобаларын (Ивановская, Приграничная, Сакмарихинско-Черноубинская және Хамирская алаңдары), сондай-ақ Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы Көкшетау алаңында алтын, мыс және полиметалдар барлау жобаларын іске асыру. Учаскелердің жалпы алаңы 3 690 ш. км құрайды. Инвестициялардың жалпы көлемі 3,5 млрд. теңге. Геологиялық барлау жұмыстарын «Қазцинк» компаниясы қаржыландырады.
Екі компанияның арасында келіссөздер жүргізу процесі 2017 жылы басталған болатын. Биыл жаз айларында бірлескен кәсіпорынның жұмысы басталады. Барлау шығындары алғашқы жылы 500 млн. теңгеден асады.
Барлық жобалар Риддер, Зырянь моноқалаларын әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қолдауға ықпал ететін болады.
«Қазцинк» ЖШС - Glencore International швейцар концернінің қазақстандық еншілес тау-кен компаниясы. Онда 500-ден астам түрлі мамандықты меңгерген 20 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
24-26 сәуір аралығында Қарағанды қаласында XIV Халықаралық технология және тау-кен кешенінде пайдаланылатын жабдықтар мен оларды жер қойнауында ұтымды пайдалану «Mining Week Kazakhstan» көрмесі өтуде.
Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің атынан «Орталыққазжерқойнауы» өңіраралық департамент басшысы Азамат Шалабаев құттықтау сөз сөйледі.
Көрменің негізгі мақсаты тәжірибемен және жаңа технологиямен алмасу үшін әр түрлі елдерден тау-кен қазу және металлургия өнеркәсібі мамандарының кездесуі, әлеуетті инвесторлармен және іскерлік серіктестермен бірлескен бизнес-жоба жасау.
Көрменің негізгі бөлімінің арасында кен өндіру технологиясы және жабдықтар, геологиялық барлау технологиясы және металлургия үшін жабдықтар, пайдалы қазбалардың байыту әдістері ұсынылады.
«ҚР Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» ШЖҚ РМК көрмеде стенд ұсынды.
2018 жылғы 18-нен 19-сәуір аралығында Астанада МАЙНЕКС Орталық Азия 2018 9-шы тау-кен өнеркәсіптік форумы өтті.
Астана қаласында өткен Форумда тау-кен компаниялары, инвесторлар, кеңесшілер, технологиялық компания, аймақтық, салалық министрлік басшылары Қазақстанға және Орта азия елдеріне инвестициялар тарту және инновациялық технологияларды енгізу тиімділігін дамытуды қамтамасыз ету, тау-кен саласында мемлекеттік саясат, жер қойнауын пайдалану саласындағы және түйінді өзгерістерді зерттеу перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.
Аталған форумда Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев баяндама жасады. Ол жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаға тоқталды. Форумда жер қойнауын пайдалану саласын реформалау, Қазақстанның өндіріс саласын экологиялық және тұрақты дамыту мәселелері қарастырылды
Форум аясында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Экология және табиғатты пайдалану Комитетінің хатшысы Галина Баймаханова, Геология және жер қойнауын пайдалану Комитетінің төраға орынбасары Талғат Сатиев, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры Рустам Баймишев сөз сөйледі.
Бұдан бөлек, форум аясында 19 сәуір күні Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы Қазақстан Республикасының Кодексіне қатысты дөңгелек үстел өткізіледі.
Дөңгелек үстелге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану Комитеті, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің, жер қойнауын пайдаланушы компания өкілдері қатысады. Қатысушылар қабылданған Кодекстің негізгі ережелерін, оны жүзеге асырудың тәжірибелік аспектілері мен де жүргізілген реформаларды имплементациялауға дайындығын талқылайтын болады.
Орталық Азиядағы МАЙНЕКС Форумы Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қырғызстан мемлекеттерінде минералды-шикізат ресурстарын дамыту және озық технологияларды енгізу, геологиялық барлау, қатты пайдалы қазбаларды өндіру және қайта өңдеу мәселелеріне қатысты тау-кен саласындағы айтулы оқиға болып табылады.
Форумның тағы бір бөлігінде "Орталық Азия елдеріндегі минералдық-шикізаттың дамуы, шикізат және қаржы нарығындағы әлеуетіне сұраныстың өсуі" жайында пікірталас болады.
Толық ақпаратты МАЙНЕКС Орталық Азия 2018 www.minexasia.com ресми сайтынан алуға болады.
Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінде құрамында Орталық Азия өңіраралық ғылыми бөлімінің жетекшісі Константин Дубровский мен Орталық Азия ғылым бөлімінің ғылыми мәселелер жөніндегі маманы Гүлнар Жұмабаева бар ҚР-дағы АҚШ елшілігі өкілдерінің қатысуымен кездесу болды.
Кездесу барысында ҚР-дағы АҚШ елшілігінің ESTH бөлімі мен Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің қызметі туралы сөз болды.
«ҚР Геология және минералдық ресурстар ақпараттық талдау орталығы» Алматы қаласының білім басқармасымен және Каспий Қоғамдық университетімен бірлесіп VI Алматы қалалық ашық теориялық, геологиялық Олимпиадасын өткізді. Олимпиадаға 115-тен астам оқушы қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатында "Оңтүстікқазжерқойнауы" ӨД-і басшысының орынбасары Уайс Бектибаев, "ҚР ГМР АТО"-ның бас директорының міндетін атқарушы Жанар Таңсықбаева, Каспий Қоғамдық университетінің деканы Анар Шукманова сөз сөйлеп, оқушыларға сәттілік тіледі. Олимпиада 6-7-сынып, 8-9-сынып және 10-11-сынып оқушылары арасында өтті.
Жарыс 3 кезеңге бөлінді:
1-ші кезең тестілеу, бұл кезеңде 2-ші кезеңнің қатысушылары іріктелініп алынды;
2-ші кезең сұрақтарға жазбаша жауаптар, бұл кезеңде 3-ші кезеңнің қатысушылары анықталды;
3-ші кезең сұрақ жауап, бұл кезеңде Олимпиада жеңімпаздары анықталды.
VI Алматы қалалық ашық, теориялық, геологиялық Олимпиадасының жеңімпаздары:
- жоғарғы топ бойынша (10-11 сыныптары)
1 Исаев Удер - №75 Гимназия "Жаңа ғасыр"
2 Семенов Данил - ЖББМ №121
3 Медетбек Нурбек - 147 гимназиясы
- орта топ бойынша (8-9 сыныптары)
1 Жомарт Пакиза - №12 мамандандырылған гимназиясы
2 Раковский Андрей - ЖББМ №121
3 Оразгалиев Акимбек - РФММИ
- кіші топ бойынша (6-7 сыныптары)
1 Кожахметова Эсмина - ЖББМ №3
2 Ерназаров Багдаулет - ЖББМ №2
3 Савченко Ангелина - ЖББМ №121
Жоғарғы топ жеңімпаздарына (11 сынып) Каспий Университетінің ректорлық грантын бірінші проректор Дуйсенгулова Нуржамал Салимгереевна берді.
1-ші орынға 100% төлем 4 жылға
2-ші орынға 50% жеңілдік
3-ші орынға 20% жеңілдік.
Жеңімпаздар «ҚР геология және минералдық ресурстар ақпараттық талдау орталығының» медальдарымен, грамоталарымен, алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды.
Сонымен қатар, кәсіпорын атынан әділ қазы мүшелеріне алғыс хаттар берілді.
Оқушыларды жоғарғы оқу орындарының, колледждердің геологиялық мамандықтарына баулу және ҚР геологиялық қызметтеріне кадрларды алдын ала дайындау мақсатында «ҚР Геология және минералдық ресурстар ақпараттық-талдау орталығы» Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесіп, 2013 жылдан бері Геологтар күнінің қарсаңында оқушылар арасында Алматы қалалық ашық теориялық геологиялық Олимпиадасын өткізіп келеді.
Биыл VI Алматы қалалық ашық теориялық геологиялық Олимпиада сәуір айының 13 күні Алматы қаласындағы Каспий Қоғамдық Университетінде өтеді. Алматы қаласынаң әр мектебінен 6-11 сынып оқушылары қатысады.
Олимпиада қатысушыларының ересек топтарына басты сыйлық Каспий университетінің ректорлық гранты 1-ші орынға 100% төлем 4 жылға, 2-ші орынға - 50%, 3-ші орынға 20%.
Сонымен қатар, олимпиада қатысушыларына естелік сыйлықтар табысталады.