Атырау облысында Республикалық бюджеттік бағдарламаның 089 «Өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» 102 кіші бағдарламасының «L-39-X парағының инженерлік-геологиялық зерттеулерімен 1:200 000 масштабты гидрогеологиялық жете зерттеу (Атырау облысы, 5637 шаршы шақырым)» объектісі бойынша жұмыстар жалғасуда. Орындаушы – «Атыраугидрогеология» ЖШС.
«Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің Атырау өңірлік инспекциясының басшысы Т.Мұханбеталин мемлекеттік бюджеттік жұмыстардың орындалуын бақылау мақсатында объектіге барып, бақылау жұмыстарын жүзеге асырды.
Қазіргі уақытта барлау маршруттары, бұрғылау жұмыстары, сынамалық айдау, әртүрлі талдау түрлеріне су сынамаларын алу, өздігінен төгілмейтін ұңғымаларды тексеру және тау-кен қазу жұмыстары (шурфтар) жүргізілген. Сонымен қатар, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық маршруттар жүргізіледі.