Геологтар мерекесі

Геологтар мерекесі

«Батысқазжерқойнауы» ӨД әкімшілігі дәстүр бойынша сәуір айының алғашқы жексенбісінде кәсіби мереке Геологтар күнін атап өтті. Мерекеге орай, ардагер геологтармен мерекелік дастархан отырысы ұйымдастырылды. Кездесуді «Батысқазжерқойнауы» ӨД басшысының м.а. Ерен Қуанұлы Жекеев құттықтау сөзімен ашты.

         Мерекелік дастарханда «Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің  алғашқы басшысы Совет Айжанович Байкадамов және геологиялық қызметтің ардагерлері құттықтау лебіздерін білдірді.