Ағымдағы жылдың 15 тамызында «Батысқазжерқойнауы» ӨД Қазақ Отбасының өзіндік ерекшелігін таныту, бала тәрбиесіндегі рөлін үлкендер мен жас ұрпақ арасындағы байланысты айқындап көрсетуге байланысты іс-шара өткізілді.
Департамент басшысының м.а. Е.К.Жекеев шараны құттықтау сөзбен ашты.
Қазақстанда қыркүйек айының әр екінші жексенбісінде Отбасы күні атап өтіледі. Бұл мереке 2013 жылы Республикамыздың мерекелерінің тізіміне енгізілген.
Бүгінде Республикада Қазақстандықтардың отбасын нығайту және өмір сүру сапасын арттыру бойынша жүйелі және кешенді жұмыс құрылған, отбасылық саясат мемлекеттің басты басымдығы болып табылады.
Отбасы қоғамның негізгі элементі ретінде адами құндылықтардың, мәдениеттің және ұрпақтардың тарихи сабақтастығының сақтаушысы, тұрақтылық пен дамудың факторы болды және болып қала береді. Отбасының арқасында мемлекет нығайып, дамып келеді, халықтың әл-ауқаты артып келеді. Барлық уақытта елдің дамуы қоғамның және оған қатысты мемлекеттің жағдайына байланысты бағаланады. Адамның өмірі отбасынан басталады, мұнда оның азамат ретінде қалыптасуы жүреді. Отбасы күні біздің өміріміздегі отбасының маңыздылығы туралы ойлануға және жақын адамдарға назар аударуға мүмкіндік береді. Жақын адамдарсыз өмір бос және қуанышсыз болар еді. Әр адамға отбасы қажет. Отбасының негізгі мақсаты балалардың тууы мен тәрбиесі деп атауға болады. Отбасында бала адамдар арасындағы қарым-қатынастың құпияларын түсінуді үйренеді, сүйіспеншілік пен қамқорлықты үйренеді, отбасы арқылы бір ұрпақтан екінші ұрпаққа даналық пен білім беріледі.
Отбасының қалыпты, моральдік-психологиялық ахуалы мемлекеттік қызметкерлердің көңіл күйіне жақсы әсерін тигізеді. Әр адам отбасын сақтау керек және сыйлау керек.