
"Ұлыстың ұлы күні" аталатын бұл мерекенің тарихы тереңде жатыр. Наурыз мерекесін тойлау дәстүрі дүние жүзі халықтарының көпшілігінің тұрмыс-салтында бағзы замандардан бері орын алған.
Мекемеде Наурыз мейрамына орай мерекелік іс шара өткізілді.
Ұлттық спорт түрлері мәдени мұраны сақтауға, жас ұрпақтың ұлттық сана-сезімін күшейтуге ықпал етеді. Бұл мереке біз үшін бірліктің символына айналып, әр азаматтың өз елі үшін мақтанып, адами-рухани қасиеттерді дамытуына мүмкіндік береді.
Наурыз мейрамы аясында Ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар өткізілді. Атап өтетін болсақ асық ату, арқан тартыс, қол күресі.