Ұлттық киім - ұлттың сәні.

Ұлттық киім - ұлттың сәні.

Бүгін – Ұлттық киім күні. Ұлт рухының шағылысы. Ұлттық киімге арналған бұл күн ата-бабамызды, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан әдет-ғұрыптарды еске алатын ерекше кезеңге айналады.
Бұл – халық рухының шағылысын бейнелейтін ұлттық дизайнның көркемдігі мен қайталанбас өрнегіне тамсанып, бұл өнердегі бай мұраны зерттеп, одан шабыт алатын күн.
Ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайым әрі әдемілігімен ерекшеленіп келді. Ұлттық киім үлгісінде пайдаланылатын былғары, жүн, киіз, мата сияқты табиғи материалдар адамға жылулық пен жайлылық сыйлаумен қатар, киім иесінің атақ-дәрежесін, байлығын көрсететінін де айта кеткен жөн.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің "Батысқазжерқойнауы" Батыс Қазақстан өңіраралық геология департаментінің қызметкерлерлері арасында «Ұлттық киім-Ұлттың көркі» сайысы өткізілді. Сайысқа барлық департамент қызметкерлері қатысты. Сайыс қорытындысы «Наурыз мейрамы» қарсаңында хабарланады.