«Altynex Company» АҚ қызметіне келісімшарт бойынша тексеріс жүргізілді.

«Altynex Company» АҚ қызметіне келісімшарт бойынша тексеріс жүргізілді.

       ҚР Инвестициялар және даму министрінің «Жер қойнауын пайдаланушының қатты пайдалы қазбаларға арналған келісімшарттар мен лицензиялар талаптарын сақтауын бақылау және мониторингі туралы» 2023 жылғы 30 маусымдағы № 476 және 2023 жылғы 17 маусымдағы № 451 бұйрықтары негізінде, «Батысқазжерқойнауы» ӨД РММ «Altynex Company» АҚ-ның жер қойнауы учаскесіне барып қайтты. Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан «Юбилейный» кен орнында алтын құрамды кенді өндіруге жасалған 2001 жылғы 14 желтоқсандағы № 830 келісімшарт.

Барып-қайту жұмыс тобы құрамында «Батысқазжерқойнауы» ӨД РММ Ақтөбе өңірлік инспекциясының басшысы Р.Б.Туржанов, Ақтөбе өңірлік инспекциясының бас маманы Т.К.Наурызов, «Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ жер учаскелерін беру және қайтарып алу бойынша ұсыныстар дайындайтын бөлім басшысы Е.Евескин болды. «Altynex Company»АҚ компаниясы өкілі, компанияның бас геологі Асқар Раимбекович Ибаковтың қатысуымен комиссия жер қойнауын пайдаланушының келісімшарт бойынша қызметіне тексеріс жүргізді