089 «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және ҚР геологиялық зерделеуін арттыру» бағдарламасы бойынша геологиялық барлау жұмыстары

089 «Жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануды қамтамасыз ету және ҚР геологиялық зерделеуін арттыру» бағдарламасы бойынша геологиялық барлау жұмыстары

 102 «Өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары» кіші бағдарламасы

«Өңірлік, геологиялық-түсірілім, іздестіру-бағалау және іздестіру-барлау жұмыстары»  102 кіші бағдарламасы бойынша 2023 жылы 8 объекті бойынша жұмыстар аяқталды, оның ішінде:

-Ақтөбе облысы -4 объект ( «Геобайт-Инфо» ЖШС, «Barlau-Qazaqstan» ЖШС және « Жайыкгидрогеология» ЖШС);

-Атырау облысы – 1 объекті «Атыраугидрогеология» ЖШС;

- Мангистау обласы-2 объекті («Геокен» ҒӨО және «Terra Exploration» ЖШС)

- Батыс өңірінің 4 облысы  бойынша «1:1 000 000 масштабтағы Каспий өңірінің геологиялық мазмұндағы карталарының ГАЖ-Атласы» («Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті» КЕАҚ).

 

Объектілер бойынша орындалған жұмыстардың нәтижесі:

 

  1. «L - 40-IV, V (Ақтөбе облысы) парақтарының болжамды ресурстарын бағалай отырып, 1:200 000 масштабты терең геологиялық картаға түсіру» 23.06.2021ж. №101/21 шарты. Орындаушы – «Геобайт-Инфо» ЖШС.

Есеп авторларыменен Дауыл ультранегізді массивінде 500-700м тереңдікке дейін хромиттер мен никель-кобальт кендеріне мамандандырылған іздестіру-барлау жұмыстарын орындауға ұңғымаларды бұрғылау ұсыныстары берілді.

 

  1. «М-40-XIV, XV (Ақтөбе облысы) парақтарының болжамды ресурстарын бағалай отырып, 1:200 000 масштабты терең геологиялық картаға түсіру» 27.05.2021ж. №97/21 шарты. Орындаушы – «Геобайт-Инфо» ЖШС.

Есеп авторларымен А+В+С1 санатындағы пайдалы қазбалар қорларының және М-40 - XIV, XV парақтарының аумағы бойынша фосфориттерге болжамды ресурстардың жиынтық тіркеу кестесі жинақталды.

 

  1. «Жерді ГДП-200 парақтары бойынша (l-39-XXXIV, XXXV, K-39-V, K-39-VI, K-40-VII, парақтарының алаңында (Маңғыстау облысы) қашықтықтан зондтау» 24.02.2021ж. №30/21 шарты. Орындаушы – «Terra Exploration» ЖШС.

ЖҚЗ материалдарының әртүрлі классификацияларын пайдалана отырып, күндізгі бетке шығатын геологиялық денелердің шекаралары нақтыланды, оларды спектрлік қолтаңбалардың әлемдік кітапханалары (USGS, Aster, IGCP264 және т. б.) негізінде литологиялық анықтау жүргізілді, жобалау аумағының геологиялық құрылымының құрылымдық элементтері бөлінді, пайдалы қазбалардың көріністерін іздеу үшін жаңа перспективалық алаңдар бөлінді.

Шөгінді жыныстардың таралуын, келесі элементтердің: темір, мыс, қорғасын, марганец және фосфориттердің көп мөлшері бар жыныстардың таралуын көрсететін ғарыштық құрылымдық карталар жасақталды.

Жоғарыда аталған пайдалы компоненттер бойынша 19 перспективалық учаске бөлінді. Далалық зерттеулер жұмыс жобасына және техникалық тапсырмаға енгізілмегендіктен, ЖҚЗ деректерін верификациялау үшін далалық жұмыстарды (маршруттар, тау-кен жұмыстары және т.б.) жүргізу қажет. Далалық тексерусіз бөлінген учаскелер,  болжамды болып саналады.

Алынған материалдар іздеу-бағалау және геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде қолданылуы керек, өйткені олар өте сенімді, зерттелетін учаскелердің үлкен аумағын соның ішінде, қол жетімді емес аумақтарды қамтиды.

 

  1. «ГМК-200 парақтары бойынша озыңқы геофизикалық түсірілім L-39-XXXIV, XXXV, k-39-V, K-39-VI, K-40-VII парақтарының алаңында (Маңғыстау облысы) жүргізу» 03.2021 жылғы №40/21 шарты. Орындаушы – «Геокен» ҒӨО  ЖШС. Жұмыс нәтижелері бойынша геологиялық-геофизикалық деректер базасы құрылды, онда геологиялық-болжамды құрылыстардың геологиялық ақпараттылығын, тереңдігі мен дұрыстығын арттырудың қосымша мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін заманауи сапалы геофизикалық негіз енгізілді. АГС ауытқуларының жергілікті минимумдарының табиғатын зерттеу және оларды құрылымдардың мұнай-газдың жанама белгісі ретінде пайдалану мүмкіндігін бағалау үшін ұсынылған 4 учаске бөлінді. Шығыс Қаратау жотасының орталық бөлігіндегі магниттік түсірілім деректері бойынша М-1 учаскесі бөлінді, онда жаңа аэромагниттік түсірілім және бұрын орындалған іздестіру-барлау жұмыстарының материалдарын талдау деректері негізінде темір кендерінің ықтимал көлемін бағалай отырып, геологиялық-геофизикалық көлемдік модельдеу жүргізу ұсынылады. Құрылған геофизикалық негіз өзінің толықтығы мен егжей-тегжейі бойынша белгілердің көп өлшемді кеңістігін білдіреді және көмірсутектер мен қатты пайдалы қазбалар кен орындарының сандық нейрондық желілік болжамының заманауи технологияларын қолдануға жарамды.

 

  1. «1:1 000 000 масштабтағы Каспий өңірінің геологиялық мазмұндағы карталарының ГАЖ – Атласы» 02.04.2021ж. №45/21 шарты. Орындаушы – «Сафи Өтебаев атындағы Атырау  КЕАҚ. Орындалған жұмыстардың нәтижелері бойынша 7 іздеу ұңғымасын бұрғылау ұсынылды: 2 – карниздік триасқа (жобалық тереңдігі 3350м және 4500м), 2-тереңдігі 1550м және 1750м триас кешеніне, 3-жобалық тереңдігі 300м кайнозой қалыңдығына және 2-бұрғылау нәтижелеріне тәуелді ұңғымалар. Каспий өңірінің солтүстік (РФ) және Оңтүстік (Түрікменстан, Әзірбайжан) аудандарында жоғары болжамы расталған ақшағыл-апшерон кен орындарының болжамына байланысты жаңа қолайлы алғышарттар анықталды және іздеу жұмыстарының болжамды бағыты анықталды. Каспий аймағы бойынша картографиялық материалдарды жасау және нақтылау бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелері өңірлік картографиялық құрылыстарды жинақтау және талдау жөніндегі жұмыстарды жүргізудегі алғашқы тәжірибе болып табылады, оларды мұнайға, газға және пайдалы қазбалардың басқа түрлеріне іздестіру және бағалау жұмыстарын жүргізуді жоспарлау кезінде қосымша ақпараттық материал ретінде қарау керек.

 

  1. «М-39-XXXVI (Атырау облысы, 5497 шаршы км) парағының 1:200 000 масштабтағы кешенді геологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық түсірілімі» 28.07.2021 ж. №129/21 шарты. Орындаушы- «Атырау гидрогеология» ЖШС. М-39-XXXVI м-ба 1:200 000 парағына негізгі карталар жиынтығы жасақталды: нақты материал, геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық аудандастыру, жер асты суларын қалыптастыру шарттары.

 

  1. «Инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық жете зерттеу м-ба 1:200 000 l-40-XI парағы (Ақтөбе облысы, 2825 шаршы км)» 25.06.2021ж. № 111/21 шарты. Орындаушы – «Barlau-Qazaqstan» ЖШС. 1:200 000 масштабта L-40-XI парағына негізгі карталар жиынтығы жасақталды: нақты геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық аудандастыру, жер асты суларын қалыптастыру жағдайлары. Шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау үшін сулы жоғарғы эоцендік сексеуіл кешені және сулы орта-жоғарғы олигоцен кешені болжамды болып табылады.

 

  1. «Инженерлік-геологиялық зерттеулермен гидрогеологиялық түсірілім 1:200 000 масштабтағы М-40-VII (Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары, 2580кв.км) парағы». Орындаушы – «Жайықгидрогеология» ЖШС 1:200 000 масштабтағы . М-40-VII парағына негізгі карталар жиынтығы жасақталды: нақты материал, геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық, геоморфологиялық, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық аудандастыру, жер асты суларын қалыптастыру шарттары. Геологиялық денелердің таралу контуры нақтыланды және расталды, топырақтың литологиялық құрамы, судың көптігі, судың физикалық және механикалық қасиеттері, жер асты суларының химиялық қасиеттері 120 м тереңдікке дейін зерттелді.

 

«Минералдық-шикізат базасының және жер қойнауын пайдаланудың, жер асты суларының және қауіпті геологиялық процестердің мониторингі» 103 кіші бағдарламасы

 2023-2025ж. кіші бағдарлама шеңберінде 6 объект бойынша жұмыстар орындалуда, оның ішінде:  4 объект Батыс өңірінің  4 облысының аумақтарында жер асты суларының режимі мен теңгерімін, жай-күйін және ұтымды пайдаланылуын зерделеу бойынша және 2 объекті Атырау және Маңғыстау облыстарында күшті жер сілкіністерінің ықтимал хабаршысы ретінде жер асты сулары режимінің заңдылықтарын зерделеу  объектілері. Жер асты суларының деңгейін, температурасын және олардың сапалық жай-күйін жүйелі стационарлық режимдік бақылау жалғасуда. Аталынған нысандар бойынша жұмыстар жалғасуда.

 

«Иесіз мұнай-газ және өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою және консервациялау» 104 кіші бағдарламасы

 2022-2023ж. кіші бағдарлама шеңберінде иесіз өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларды жою бойынша жұмыстары орындалды:

  • Ақтөбе облысы бойынша-12 ұңғыма;
  • Атырау облысы бойынша-47 ұңғыма;
  • Маңғыстау облысы бойынша-12 ұңғыма.

Атырау облысының 21 ұңғымасы және Маңғыстау облысының 1 ұңғымасы бойынша орындалмаған жұмыс көлемі республикалық бюджетке (секвестрге) қайтарылды.

Сондай-ақ, осы кіші бағдарлама шеңберінде «Батыс Қазақстан облысының 4 өздігінен төгілетін гидрогеологиялық ұңғымаларын жою» объектісі бойынша ЖСҚ жасақталды – «Viridi Navitas» ЖШС орындаушысы. ЖСҚ «Батысқазжерқойнауы» ӨД-нің мұрағатына  тапсырылды.