Минералдық-шикізат базасының жай-күйін, гидрогеологияны және қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бөлімінің атқарған жұмыстары

Минералдық-шикізат базасының жай-күйін, гидрогеологияны және қауіпті геологиялық процестерді зерттеу бөлімінің атқарған жұмыстары

         01.08.2023 ж. жағдай бойынша "Минералдық-шикізат базасының жай-күйін, гидрогеологияны және қауіпті геологиялық процестерді зерттеу" бөлімі "Батысқазжерқойнауы" ӨД жанындағы Пайдалы қазбалар қорлары жөніндегі өңіраралық комиссияның (БҚ ҚӨК) кең таралған пайдалы қазбалар қорлары (16 есеп) және жерасты суларының (1 есеп) қор есептемесі бар есептерді қарау бойынша отырыстар өткізілді.

  Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде қорлардың өсімі алынды:

155 808,2 мың текше метр – топырақ;

4 566,207 мың текше метр – құрылыс тас;

2 114,025 мың текше метр – құрылыс құмы;

3 213,651 мың текше метр – құм-қиыршық тас қоспасы.

         "Батысқазжерқойнауы"ӨД кеңесі келісімшарттық аумақтың қайтарылатын бөлігі және 2Д/3Д МОГТ сейсмикалық барлау жұмыстары, оларды өңдеу/қайта өңдеу, түсіндіру/қайта түсіндіру бойынша жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жер қойнауын пайдаланушылардың 32 есебін қарады.

         "Батысқазжерқойнауы" ӨД жанындағы қорлар жөніндегі өңіраралық комиссия (БҚ ҚӨК) көмірсутек шикізаты (КСШ – 20), пайдалы қатты қазбалар (ПҚҚ – 1) бойынша қорлар есебімен 21 есепті қарады және қорытындыларды берді.

       "Батысқазжерқойнауы" ӨД жанындағы жер қойнауын сараптау жөніндегі мемлекеттік комиссия (ЖҚСМК) жерасты сулары кен орындарының пайдалану қорларын бекітті (2 есеп).