Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын және антикоррупциялық шектеулерді сақтау» тақырыбында нұсқама өткізілді.

Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын және антикоррупциялық шектеулерді сақтау» тақырыбында нұсқама өткізілді.

2026 жылғы 28 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы — Арман Егізбайұлы   Егізбайұлы «Мемлекеттік қызмет туралы заңнаманы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау» тақырыбында дәріс өткізді. Барысында мемлекеттік қызметшілердің заңнамамен белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауына, қызметтік әдеп нормаларын сақтауына, мүдделер қақтығысының алдын алуға, сондай-ақ қызметтік жағдайды жеке және өзге де қызметтік емес мүдделерге пайдалануға жол бермеу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі және қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарын реттейтін Әдеп кодексінің ережелері жеке түсіндірілді.

Қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген сыбайлас жемқорлық шектеулері мен тыйымдарын бұлжытпай сақтау қажеттілігі, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасағаны үшін жауапкершілік туралы да түсіндірілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілерге антикоррупциялық заңнаманы қолдануға қатысты сұрақтар туындаған жағдайда тиісті түсініктеме алу үшін уақтылы айту ұсынылды. Сондай-ақ кеңес барысында мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға енгізілген толықтырулар түсіндіріліп, талқыланды.