
Мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданған мемлекеттік қызметшілер үшін Әдеп жөніндегі уәкіл Е.Р. Нурашевтің қатысуымен «Мемлекеттік қызметшілердің міндеттері мен шектеулері» тақырыбында дәріс өткізілді.
Дәріс барысында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, қызметтік әдеп қағидаттары, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің құқықтары, міндеттері мен заңнамада көзделген шектеулері түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – мемлекеттік қызметшілер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, қызметтік тәртіпті нығайту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу.
Мұндай кездесулер мемлекеттік қызметтің тиімділігін арттыруға және қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.