«Батысқазжерқойнауы» Батыс Өңіраралық Геология Департаментінде Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз атты мерекелік шара өткізілді.

«Батысқазжерқойнауы» Батыс Өңіраралық Геология Департаментінде Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз атты мерекелік шара өткізілді.

Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің «Батысқазжерқойнауы» Батыс Өңіраралық Геология Департаментінде Ұлыстың ұлы күні — Әз-Наурыз атты мерекелік шара өткізілді.

Мерекелік шараны  Департамент басшысы Амиржан Муратбаевич Оразгалиев ашып, ұжымды табиғат жаңаруының символы болған айтулы Наурыз мерекесімен құттықтады. Өз сөзінде басшы жылан жылында ұжымның қол жеткізген жетістіктері мен жылқы жылында алдағы тұрған міндеттірді атап өтті. Ұжымда адал еңбегімен көзге ерекшеленген қызметкерлерді атаулы номинациялар бойынша Алғысхатпен және сыйлықтармен марапаттады.

Ұлыс тойы барысында ұлттық салт-дәстүр, әдет ғұрыптармен байланысты дәстүрлі  әндер айтылды, сахналық қойылымдар көрсетілді.Ұлттық тағамдар бойынша сары бауырсақ , күйрек тары, бал қаймақ, дәмді көже, жұмсақ ірімшік-құрт және  тағы басқа берілген атаулар бойынша конкурс жүргізіліп қортынды жасалды.

Наурызнама он күндігі бойынша бүгінгі күн – 20 наурыз ұлттық спорт күні болғандықтан, арқан тарту, қол күрес, салмақ көтеру тағы басқа спорттық ойындар жарысы өткізілді. Ұжым барлық шараларға белсене қатысты. Бұл мереке ұжымның ауыз -біршілігін арадағы татулығын паш етті.

Ұжым мүшелері жоғары көңіл күйде болып, жақсы әсер алды.