Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары.

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары.

25.02.2026ж. «Батысқазжерқойнауы» ӨД-де Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамасының және  Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің талаптарын сақтау мәселелері бойынша консультациялық көмек көрсетуде 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары іс-шараларының 1 тараудың 1.1. және 1.2. тармақшаларын орындау мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Департамент басшысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманы және Әдеп кодексі нормаларынан қысқаша баяндама жасады. Мемлекеттік қызметшінің қызметтік міндеттерді орындау кезіндегі сырт келбеті мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, ресмилікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпыға бірдей қабылданған іскерлік стиліне сай болуы, мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, мемлекеттік қызметтің әдептік қағидаттары түсіндірілді.