
Ағымдағы жылдың 03 ақпанында 2002 жылғы 11 желтоқсандағы №69-А Келісімшарт бойынша «2025 жылы ҚР Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы №8 Карьер кен орнында мергель (жартасты грунт) қорларын есептей отырып жүргізілген геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері туралы есепті» қарау жөніндегі Жер қойнауының сараптамасы жөніндегі мемлекеттік комиссияның Батыс Қазақстан кіші комиссиясының отырысы өтті.
Әкімшілік тұрғыдан кен орнының аумағы Маңғыстау облысының Түпқараған ауданына жатады және Қаламқас кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 10,0 км жерде орналасқан.
2025 жылы геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу кезінде жоғарғы бор кезеңінің кампан жіктемесіне жататын мергельдер зерттелді. Мергельдің ашылған суланған және суланбаған қалыңдығы 4,0 метрден 10,3 метрге дейін өзгереді. Техникалық тапсырмаға сәйкес қорлардың сулануына жол берілмейді. Мергельдің суланбаған қалыңдығы 1,2 метрден 5,2 метрге дейін, орташа есеппен 3,1 метрді құрайды.
Барлығы тереңдігі 10,0 метрден 15,0 метрге дейінгі 20 ұңғыма бұрғыланды, бұрғылаудың жалпы көлемі — 240,0 м. 2025 жылғы саздақтар өндірілетін аумақта тереңдігі 10 метрлік 12 ұңғыма, қалған аумақта тереңдігі 15 метрлік 8 ұңғыма бұрғыланды. Барлау ұңғымалары 167-180х160-190 метрлік желі бойынша бұрғыланды.
Жер асты сулары ұңғымалармен 4,8 метрден (№21 ұңғыма) 14,4 метрге дейінгі (№4 ұңғыма) тереңдікте ашылды және абсолюттік белгілері -29,22 метрден -28,1 метрге дейінгі горизонтқа сәйкес келеді.
Мергельдің жартасты грунт ретіндегі сапасын зерттеу ҚР МСТ 25100-2020 «Грунттар. Классификация» талаптарына сәйкес, қолдану аясын ҚР Ережелер жинағы 3.03-101-2013 «Автомобиль жолдары» бойынша анықтай отырып жүргізілді.
Орындалған зертханалық-талдау зерттеулері нәтижесінде мергельдердің жартасты грунттар класына, беріктігі төмен, жібімейтін, түрі – шөгінді, тармағы – органогенді шөгінді, тегі – карбонатты, қосымша тегі – мергельдерге жататыны анықталды; грунт орташа тұздалған, тұздану сипаты сульфатты, радиоактивті емес.
Барлық ұңғымалар Красовский географиялық координаттар жүйесі мен Балтық биіктік жүйесінде аспаптық түрде байланыстырылған. Қорларды есептеу 1:2000 масштабындағы топографиялық негізде геологиялық блоктар әдісімен орындалды.
Карьерді игерудің қоршаған ортаға әсері шекті рұқсат етілген концентрация (ШРК) шегінде болады деп болжануда (жұмыс істеп тұрған карьердің үлгісі бойынша).